МӘСІМОВ: "ШЕШЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ"

МӘСІМОВ: "ШЕШЛМЕЙТІН ТҮЙІН ЖОҚ"
жеке
блог

Сонымен Мәсімов қалды. Азат Қазақстанның тарихындағы ең ұзақ отырған үкіметбасы ретінде Қажымқан баласының аты аталады. Не бітірді? Нені бітірмеді? Пайдасы болды ма, жоқ па? Әлде үндемей, миығынан күлгені үшін ғана керек пе? Мұндай сұрақтарға жауап іздеп, сараптама жасауға құқлқым жоқ. Және одан пайда барына да шүбә келтіремін. Айтайын дегенім.

Мәжілістің бірінші сессиясында депутаттардың алдына "тосыннан" сауал тасталды. "Үкіметке сенім білдіреміз бе, жоқ па?" деген. Со кезді Қызылордада жатып теледидардан көрген мен пақыр премьердің қылығына біртүлі ыза болдым. Сонымен қатар риза да болдым. Ол сенің 107 депутатыңды ұрып отырған жоқ. Сауал тасталған кезде қолын көтерді де, бейқам отыра берді. Бұл оның депутаттарды аса бір "уважать" етпейтінін көрсетті. Бұл риза болғаным...

Содан бәрі жапатармағай сенім білдірді ғой. Сосын ырғалып мінберге шығып былай деді: "Бәлкім бізден де кейін үкімет болар. Бәлкім емес... болады ғой" (орысша айтқан, аударған мен). Сонда деймін ғой, Мәсімов өзінен кейін үкіметтің болатына сенбейтін сияқты ма, қалай? Әлде бұлардан кейін мемлекет болмай ма? Бұл ыза болғаным...

Сол мінберде тұрып, тағы бір сөз айтты. "Шешілмейтін түйін жоқ" деген. Менің сол сәтте "Шаншардағы" Тука есіме түсіп, шегім түйіліп қала жаздады. Есіңізде ме, Тука-Төлендиевтің бір кейіпкері "шешілмейтін түйін жоқ, шешу үшін жүрміз ғой" дейтін еді ғой. Сол есіме түсіп, күлкіге көмілдім.