Қара шал

Қара шал
жеке
блог

Қаусаған қара шалда біз болармыз,

Бойдан жылу қашқактап біз тоңармыз.

Ер мінез өр кеуделер жаспен кетіп,

Ақымақ келінге бір күң болармыз.

Балаңның басын сипап бақпадым деп,

Сол кезде байлаулы иттен кем болармыз.

Әр суын өлшеп ішкен артық ішпей,

Қаусаған бөлмедегі гүл болармыз.

Е Алла берсең епті жарды бергің,

Ақылды ұл өсіріп сол оңармыз.

Аясаң ол бақытты Жаратқаным,

Ал жанды жаныңнан жан табармыз.

Жердегі қара түнек көргенімше,

Жер астында бір гүлге нәр болармыз.

Пайдамыз тисін біздің өлген кезде,

Табиғаттың бір нәрін қорек етіп,

Тып тыныш қара жерде көп  болармыз .