Футбол және мен...

Футбол және мен...
жеке
блог

Мен және Порту

Сәлем достар! Бүгін сіздерге мен футболмен қалай танысқанымды баяндап беремін. 2004 жыл мамыр айының соңына қарай болу керек. Мен мектептегі жазғы демалысқа ерте шыққам, Сосын ата-апамдардың ауылына барам әдетімше. Ол кезде футбол дегенді түсінбеймін. Содан, теледидарды қосып отырып қарасам футбол болып жатыр екен. Ел-арна ма әлде хабар-2 арнасы болу керек, әйтеуір нашар көрсететін. Әлі есімде Чемпиондар Лигасы болып жатқан. ЧЛ-ның әсем әуені, комментаторлардың сөздері менің бойымда балқытып кете берді. Порту мен Депортиво клубтары ойнап жатқаны әлі есімде, жартылай финал. Порту ерекше ойын көрсетіп мені футболға қызықтыра түсті. Содан, Порту финалда Монаконы ұтып ЧЛ жеңіп алған болатын...

Мен және Португалия

 ... Жаз басталды...қарасам әлі футбол болып жатыр...Сөйтсем, Еуропа Чемпионаты басталыпты. Портуды таныған соң сөзссіз Португалияға жақтастым. Қалғанын танымайм ғой. Сол Чемпионатта барлық ойыншаларды біле бастадым. Чемпионат мен үшін ерекше болды. Бірақ, Португалияның финалда өз жерінде ұтылғаны жаман болды. Грекия чемпион болған...

(Грекия олимпиаданы өткізгенде мен Еуропа Чемпионатында кім жеңсе сол олимпиаданы қабылдайды деп ойлағам=)))

Мен және Ливерпуль

  ЧЛ жыл сайын болатынын ал Чемпионаттар төрт жыл сайын болатынын түсіне бастадым. Тағы да Чемпиондар Лигасын ширек финал, жартылай финалдан бастап көрдім. Өткен жылмен салыстырғанда мүлдем басқа командалар ойнап жатқанын көрдім, баяғы Порту, Депортиво, Монако жоқ, оның орнына Милан, Челси, ПСВ, Ливерпуль сынды клубтар ойнады. Милан елдің аузынан түспеді. Сонымен финал, алаңда Милан мен Ливерпуль! Ех, шіркін бұл финалды көргенде арманда көрмеген де арманда шығар. Сол финалдан кейін Ливерпуль менің жүрегімде мәңгі қалды. Ол финалды айтудың да қажеті жоқ, тек көрі керек. Ливерпуль менің ең сүйікті клубым болып қала берді. Тіпті 2007 жылы финалда ұтылса да сатқан емеспін. Тіпті ешқашанда сатпайтын шығармын...

Осылай осылай, жыл сайын ЧЛ жібермей көре бастадым. Тек 2006жылы ғана жіберіп алдым. 

Мен және футболшылар

Зидан, Фиго, Роналдо, Бехкам, Р.Карлос әлемдегі ең мықты футболшылар болса да менің кумирым болған емес. Бірақ олар мен үшін де мықты ойыншалар болып қала бермек. Мен үшін ерекше ойыншылар болғандар, яғни кумир ретінде санағаным Деко, Нуно Гомес, Рауль, Джеррард, Риисе, Рафаель Маркес, Рикардо, Алонсо.

Қазіргі кезде К.Роналду мен Мессиді салыстырушылар өте көп. Ол екеуін салыстырудың қажеті жоқ, екеуі екі бөлек тұлға. Біреуге сөз айтудан бұрын өзін оның дәрежесіне жеткізу керек екенін есте ұстаған дұрыс. Менен сұраса екеуіде ұлы ойыншылар болып қалады футболда...

(қуып кеттім ау деймін, осымен доғарайын, футбол бітпейтін әңгіме ғой, оның бәрін жаза берсем бір апта уақыт кететін шығар)