2012 жылға есеп

2012 жылға есеп
жеке
блог

Жылдың ең үздік танысуы: Біраз адаммен таныстым ғой енді, көп...

Жылдың үздік тағамы: Анашым бүгін пісірген бесбармақ ))

Жылдың үздік сусыны: Шие дәмі бар сусындардың барлығы.)))

Үздік кеш: Жаздағы достарыммен теңіз жағасында ойын ойнап, әңгіме айтып таңды атырған кеш. Туған күнгі кеш))) Және поездағы түнімен гитарамен, домбырамен қосылып ән салып, үлкендерден сөз естіген кештеріміздің барлығы мен үшін үздік кеш.)))

Үздік шығарма: «Гордость и предубеждение»

Осы жылда ашылған қызығушылық:  Блог жазу.

Орындалған арман: Наурыз айында Астанада өткен күндерім...))) Бірақ адамның арманы таусылмайды екен...

Рухани өзіндік жаңалық: Мүмкін емес нәрсе жоқ!!!Бәрі өзіңнің қолыңда...Бастысы сол нәрсеге деген шын ықылас пен  ниет болса болғаны.

Тағы бір жаңалық: Жазда жұмыс жасадым. Адамдардың 6,7-күндерді не үшін асыға күтетінін түсіндім.)))

Жыл жаңалығы: Толағайлардың жеңісі!!!

Үздік әнші: Адель

Үздік фильм: Сумерки

Ең керемет адам: Ата-анам, сіңлім, жақындарым, достарым...

Жылдың сыйлығы: Мен ұмыта бастасам да, сыйлықтар мені ұмытпапты! Массагет.кз-ке рақмет)) Жыл сыйлығына тағы бір сыйлықты қосайын: балмұздақ сатушысының сыйлаған қызыл шары, дәл сол сәтте маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған еді...)) хотя мелочь қо:)

Жыл блогшысы: Бигелді Темір

Үздік ән: Rolling in the deep!!!

Есте қалған ең әсерлі күн: Туған күнім..))

Жыл құпиясы: Мына адам))

Жыл жетістігі: Көп нәрсеге қол жеткіздім дей алмаймын, бірақ өзім үшін аз болса да үлкен жетістігімнің бөлігіне жеткенім де жетістік!!!

Жыл сайты: Массагет.кз, Facebook

ЗЫ: Асығыс жаздым. Айып етпеңіздер. Поездан түскенім бүгін. Ауылымдамын. Ризамын бәріне!!! 2012 жыл мен үшін ерекще жылдардың бірі болып қалмақ. Жыл көп жаңалықтарға толы болғаны рас. Әсіресе, жылдың соңы мен үшін тосын сыйлар дайындапты)) Барлығыңызды жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын!!! Жаңа жылда жаңа табыстар тілеймін!!! Жаңа жылдағы әрбір күніңіз қуанышқа, шаттыққа, күлкіге толы болсын!!! Бәрінен де үйіме жеткеніме қатты қуанып отырмын.Yahooo)))) Не ғой , бізде әлі бір сағат  бар жаңа жылға:~)))