жеке
блог

Өлең. Еңсемді езсе зілдей мұң...

Еңсемді езсе зілдей мұң,

Ол үшін кімді тілдеймін.

Өзгені білгім келген мен,

Өзімді-өзім білмеймін.

 

Ұната қалса жүрегім,

Әдемі қыздың гүл өңін.

Сүймейтін қызға сыр ашып,

Сүйретілемінде жүремін.

 

Қай мінезіме тоқталам,

Әй,  қойшы дауа жоқ маған.

Кейде мен күйеулері бар,

Әйелдерге ғашық боп қалам.

Уаа, астафираллах!

 

 

Көмпіс көңіл көктен іздеп азығын,

Жерден тәуір жолдас таппай қажыдым.

Бұрын менің досыма ұқсап көрінген,

Әлде кімге ұнамапты әзілім.

 

Адам біткен сабылған мен қанша мұң,

Адалдықтың ақ бұлағын аңсадым.

Оңашада  өлең оқып бере ем,

Түсінетін дос таба алмай шаршадым.




Ең қызықты блогтар

18 мамыр – Халықаралық мұражай күні
Педагогтің эмоционалдық жануы және психологиялық саулығы
Еңбекті қорғау компания дамуының басым бағыты
Болашақта өзімді қалай елестетемін?
Әлемдегі өзгерістерге сай өзгере біл
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы жайлы

Жұлдызды блогтар