жеке
блог

Менің махаббатым... (эстафета)

Мен оны жаздың ең соңғы күндері жолықтырдым... Жоқ, жолықтырғам жоқ сол кезден бастап біз уаделесе, сырласа, бақытты күндерге жол сала бастадық...

Таң, оның "қайырлы таң, ботақаным" деген смсі мен қоңырауынан басталып "қайырлы түн, балапаным" деген сөздерімен аяқталады. Түн аяқталмайды, таусылмайтын уақыт өте келе өрши түскен сағыныштарымызбен бірге сырласып жатамыз.

Ол маған сенім сыйлады. Ішімдегі де, өмірімдегі де қиындықтарымды оған ашып айта алатын ем, ал оның бәрін маған сабырлыққа әкеліп істерімнің оңай бітуіне әрқашан көмектеседі. 

Ол мені таңқалдырудан жалыққан емес. Күтпеген жерден түрлі сыйлықтар алып қуанып жүрем әрқашан. Романтика жоқ деп зарлайтынның бір мен ем :), қазір романтиканың астында қалдым :). Не ғой, іштерің күймесін иа :).

Туған күніме 40 сағат жол жүріп, 7 кісі қолынан өтіп келген менің сүйікті гүлім. 

Пойызбен гүл алып көрмеппін, проводник гүл бергенде таң қалғанымды жасыра алмаймын. 

Кружкаға мындай сурет салатынын білсем де менің суретім бар кружкам болады деп ешқашан ойлаған емес ем, бірақ енді менде бар :) 

Кружкам ғана емес, өз суретім блакнот бетіне шыққан блакнотымда бар :) Суреті дәл қазір жоқ боп қалды ))

Ауруханаға түсіп қалғанымды ауырмай жүр деп, қазы беріп жіберіпті. Мамам асып, ауруханаға апарып берді. 

Пойыздан түрлі түсті гүл алудан жалықпағанымды жасырып қайтейін :) 


 

Агентте отырған кезімде барлық таныс қыздарымнан гүлдер келіп жатыр. Таң қалып сұрап отырсам бәрі маған арналған бір кісінің гүлдері екен. Қуанышым да шек болмады. 

 

Осыдан біраз уақыт бұрын маған біреу Алпен Голд есімімен видео салған болатын. Басында білмедім кімнен екенін, менің жасыл Алпен Голд шокаладын қатты жақсы көретінімді тек ол ғана білетін. Содан Алпен Голд атынан маған мына видеоны ұсыныпты.

Көп мақтанып кеткенге ұқсаймын :). Қалған романтиканың бөлшегін фейсбуктегі менің бетшемнен көре аласыздар :). 

 

Мүмкін, мен оған дәл сондай романтикалық істеріммен жауап бере алмасам да мен оны қатты-қатты  жақсы көретінімді айтқым келеді. Қандай жағдай болса да мен өзіңмен біргенмін Жанат! 

P.S. I love you 


Эстафетаны Алшын Матайға бергім келеді 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі