Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сессияның өзі ақырзаман шығар))))

Сессияның өзі ақырзаман шығар))))

Сессияның өзі ақырзаман шығар))))

Сессия...Бізше (ITша) - Final Exam. (үш сабақ тапсырдық, енді БЕС сабақ бар бақандай!) Мендегі осы сөзбен ассоциацияланатын сөздер: қорқыныш, діріл, компьютер, Мерей, Мұқанов! Басқалары түсінікті, Мерей мен Мұқанов кім дейсіз ғой?))) Мерей - біздің группадағы сабағын ең тыңғылықты оқитын қыз. Ертең болатын SSD2-ның экзаменінен жарты группа соған сеніп отыр.))) SSD2 деген сабақ бар.  Информатиканың қиындатылыыыып оқытылатын түрі:( Мұқанов деген - соның оқытушысы. Өзі кеше ғана универ бітірген, бірақ профессордан ары талап қояды:(

Өткенде консультация кезінде біреу әзілдеп: "Ақырзаман болады ғой ол күні!" деді. Оны біреуі шын қабылдап: "Болмайды ақырзаман деген! Соған сеніп тегі.." деп ашуланып еді: "Информатикадан сессия дегенің онсыз да ақырзаман емес пе?" деп күлдік)))

Айтпақшы, бізде зачетка деген жоқ, компьютермен тапсырамыз тестті. Өзі есептеп шығарады бағаңды сосын. Сол бағаң э-журналға қойылады. 

Есет Төлеш деген группаласым бар. Өлеңдері жақсы. Оның махаббат туралы өлеңдері осы ҚазНетте жақсы пікірлерге ие. Мына өлең соныкі. Жаңа осы өлеңін жіберіпті, мәз боп күлдім. Ертеңгі экзаменге арналған:

Сессия ма?! Бөгет болмас шын білімді жинауға,
Ұстаздың да құқығы жоқ студентті қинауға.
Бір группа қадам бастық өрге ұмтылып алға сан, 
Демек біздің мамандықтар бұл қоғамнан қалмас ән.
Білім қуып, көп мақала жазудан еш талмасаң,
Ақиқаттың өн бойына ащы өтірік салмасаң,
Жалған сөздің жетегімен жетер жерге бармасаң,
Заманыңның журналисті бола аласың әрқашан.
Қорықпаңдар, қорқатұғын алдымыздан күн кетті,
Бірге істейміз журналистік парыз бенен сүнненті.
Күтіп тұрған емтихандар тексеретін сын депті,
Жоғалтайық еріншектік деп аталар індетті,
Жолдас атын тағдыр берген көтерумен қатар біз,
Бірге ұстаймыз журналистік, әріптестік міндетті.
Бағынады бізге талай журналистің саласы,
Ең алдымен көп балл болсын сессияның бағасы.
О, құдірет, Мұқановтың түкке тұрмас сабағы
Ақырзаман болар күнге дәл келгенін қарашы.
Орындалсын ал ендеше алға қойған жоспарың,
Сессияны жүз баллменен аяқтаңдар, достарым!!!

11
Рейтинг: +5

Автор: A. R. :))
Жазылған уақыты: 20 желтоқсан 2012, 16:51
Тегтер: ертең төртінші сабақтан сессия, Мұқанов, қорқыныш

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.