Қызған сауда

Қызған сауда
жеке
блог

Тәуелсіздік күніне берілген 3 күн демалыста қарап жатпайын Базарда сауда жасайтын апама көмектесейін деп шығып едім. Қыз-қыз қайнаған тіршіліктің бәрі осында екен. Бірде тыныш, бірде шу, бірде салқын, бірде жылы нағыз сынақ деген базардама деп қаласың. Олай ойлауға әсте болмайтын болар. Бұл базарда тілемсектен бастап, тіршілікте өз күнін азар көріп жүрген өзге ұлт өкілдерінде, өз қандастарымызды да  жиі көз шалады, көзіміз үйреніпте алды. Базарда жанын бағып жүрген адамдарда, шіренген адамдарды да көп кездестіреміз. Айтпағым бұл емес. 21-ші Желтоқсанда болады деген ақырзаман жайлы дақпыртта. Ұзынқұлақтардан естуіміз бойынша 21-нен бастап 5 күн бойы Күн шықпайды екен, Сол үшін халық базарға ағыла шығып үйлеріне май шам (свечи) сіріңке (спичка) алуға кіріскен екен. Бұрындары өтіп болмайтын май шамдардың бағасы қазір ұшынып тұр. Он адамның орташа есеппен 4-і май шам іздеп жүреді. Енді қайттік май шам жоқ дегенді де құлағымыз шалыпта, үйреніпте алды. Бір сатып алушыдан мұны қайтесіз осынша толтырып алып дегенімде 21-і ақырзаман болады, күн шықпайды деп жауап берді. Оны кім айтты дегенімше болған жоқ май шамын алып, асыға өз жолымен жүріп кетті. Ақырзаманды май шаммен жеңбек екен. Ақымақ адамға ертен ақыр заман сенде екі таңдау бар май шамды немесе құранды таңда десең, ойланбастан ақымақ болсада құранды алар еді. Ал көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың ісін көрсең іштей налисың. Ал май шамдардың бағасы күн өткен сайын қымбаттап, күн өткен сайын халықтың қажеттілігі болып жатыр.