Мен және мен сүйетін футбол!

Мен және мен сүйетін футбол!
жеке
блог

Массагеттегі өзімнің алғашқы жазбамды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағым келіп, ісіме сәттілік тілей отыра, бар ойымды осында жазуды жөн көрдім. Алдын ала ескерте өтейін, мен журналист, әлде қалам ұшын саптаған жазушы емеспін, жәй ғана осы сайттың оқырманы деп қабылдағандарыңыз жөн болар. Олай болса кеттік.......

              «Футбол, бұл Қанды тозақ!». Мүмкін келісесіздер, мүмкін жоқ!  Бірақ, мұны айтқан мен емес, ағылшындық «Манчестер Юнайтед» Футбол клубының бас бапкері Сэр Алек Фергюсонның 1998 жылғы Чемпиондар Лигасының финалынан соңғы пікірі болатын. Менің жеке пікірімде, бұл сөздің жаны бар. Себебі, футбол өзін сүйетін тұлғаның жеке өмірімнің ең қымбат қазынасы. Бір күн осы спорт түрін құрметтей тұра, ол жайлы ойламаса, сиқырлы күштің оған өкпелегенін сезінер сірә. Мен дәл сол күйді бастан кешіргенмін. Өйткені менің футболға деген махаббатым шексіз. Осы жолда қанша тағдыр тауқыметін кешсемде бұл спортқа деген өкем жоқ. Аяғымның ұшы допқа тигенде...... бәрі-бәрі ұмытылып кетеді. Осы кездегі құмарлықтың басылғандығын айтсаңызшы, паах шіркіін....

              Кейде күні мен түні бір болған мына жалғаннан жалыққан кезде, бұл футболдың тұнып тұрған теориясы мені болашаққа жігерлендіреді. Ондағы қайсарлық бұл спорттан аларымның әлі де бар екенін сезінендіргендей болады. Міне, мен және мен сүйетін футбол осындай. Осымен қысқа қайырғанды жөн көрдім.

              Егер нәсіп етіп жатса Ш. Қалдаяқов атамызға арналған естелік кітаптағы қызықты да мазмұнды ойларды сіздерге жеткізуге асықпын.