Жұлдыздар сайты: жұлдыздарымыз не дейді сайттары не дейді?

Жұлдыздар сайты: жұлдыздарымыз не дейді сайттары не дейді?
жеке
блог

Қандай жұлдызымыз қай әлеуметтік желі де, қай сайтта бар екенін жақсы білерсіздер. Сол жұлдыздарымыздың жеке сайты бар ма? Бар болса қандай деңгейде? 

Кімде, қай жұлдызда сайт бар деген сұраққа Нұр астана газетінің тілшісі біраз жауап беруге тырысыпты. Бірақ, ол кісі көрсеткен сайттардың біразы істен шығып, істемей қалғандарына біраз уақыт болыпты. Бұл мақала 2012 жылдың ортасында жазылған екен, енді жыл соңына қарай не өзгергенін, жаңа сайттарға баға бере кетейік. Ең жоғарғы көрсеткіш 5 деп алып, соған сай баға беріп шықсақ. 


Ерболат Құдайбергеновтың клиптерін байқасаңыздар, бұрышында өз сайтының адресі көрсетілген. Украиналық компания жасағандықтан болар сайттың мәзірінің бәрі орыс тілінде, ішіндегі жазбалар қазақ тілінде сайрап тұр. Жалпы, сайттың стилі Ерболат айтатын ән стиліне сай келегенімен, ерекшелік байқалмайды. Бағасы: 3. Сайт мына сілтеме арқылы өте аласыз. (Алдында осы тақырыпты бастағанда сайт ашылып тұрған, менің ескертпемнен қорқып, жасайын деді ғой дедім :))). 

Толқын Забированың сайты, бұрын жасалғандықтан болар дизайны адамды өзіне тартпайды. Қазақ тілді нұсқасы жайлы ойламағанда абзал, қазақтар әндерімді тыңдайды деп ойламаса керек. Бағасы: 2. Артықшылығы, өлеңдері мен клиптерін түсіріп алуға мүмкіндік бар. Сайттың соңғы рет қай уақытта жаңарғаны белгісіз. 

Мюзикола тобының сайты қазақ әншілерінің ішіндегі сайттардың дизайн жағынан алғанда топ бастап тұр. Өзіндік ерекшелік пен стильдің талғампаздығы көрініп тұр. Бәрі керемет, бірақ қазақстандық әншілер екенін ұмытып кеткені болмаса. Әндері, альбомдары бәрі бар, онлайн тыңдауға ғана болады, түсіріп алу қарастырылмаған тек альбомдарды сатып алу керексіз. Әндер мен суреттер, клиптердің жариялану уақытына қарағанда 2010- жылдан кейін жаңармаған сияқты. Бағасы: 4

МұзАрт. МұзАрттың сайты соңғы жаза сәуір айында жазылған. Осы уақытқа шейін арасында саулнамалар жүргізіліп тұрған. Форум, афиша беттері және соңғы жаңалықтар жарияланып тұрады. Демек, сайт халықпен жұмыс жасап тұрады деген сөз. Әндерді онлайн тыңдап, сөзін ала аласыз ал әнді түсіріп алу қарастырылмаған. Мұзарттың тыңдармандары жасаған болуы керек, тағы бір қосымша сайтын көруге болады. Бағасы: 4.

Батырхан Шүкенов. Сайты дизайн, қолдану жағынан өте қарапайым. Жақсы жасалған, түсінікті. Форум, сауалнама, жаңалықтар бәрі қарастырылған. Сайт тек орыс тілінде жасалған, түсінуге болады ТМД танымал әнші. Ортақ тіл- орыс тілі. Әндерін онлайн тыңдап, мәтінін көшіріп алуға болады. Түсіріп алу қарастырылмаған. Бағасы: 4

Роза Рымбаева. Өзі ашқызған жеке сайты жоқ екен. Бірақ, тыңдармандары екі сайт ашып беріпті. Оларды мына жерден тағы мына жерден көре аласыздар. Екі сайтты ескі сайттар. Тіпті біреуі 2000 жылы ашылған. Екі сайтта қазіргі кезде жұмыс жасамайды, бірақ ескі әндерді тыңдауға, түсіріп алуға мүмкіндік береді. Баға бермей-ақ қояйын. 

Ұлытау. Қазіргі күнде жаңарып, істеп тұрған жалғыз сайт. 4 тілде жұмыс жасайды: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде. Сайттың дизайны рок стиліне сай жасалған. Барлық шығармаларын түсіріп, тыңдауға мүмкіндік бар. Сайтта блог, фан клуб, жаңалықтар бөлімі жұмыс жасайды. Маған өте ұнаған сайт. Бағасы: 5

Дервиши. Жұмыс жасап әр жаңалығымен бөлісіп бар өздері шыққан бағдарламаларға шейін салып жүрген топтың сайты.  Әндерін түсіріп, тыңдауға мүмкіндік қарастырылған. Барлық ұйғыр тілді әншілердің сайтына сілтеме берілген. Сайт орыс тілінде жұмыс жасайды. Бағасы: 4

Қайрат Нұртас. Өзі тек қазақша айтатын әнші сайты орысша толтырлып, жаңалықтары қазақша жүргізіледі екен. Сайт жұмыс жасап тұр. Әндерін тек онлайн тыңдап, көре аласыз. Қайраттың бар альбомын таба аласыз. Твиитердегі мен вконтактідегі бетшелерін көре аласыз. Сайт дизайны жағынан бағасы: 3. Қолдануы аздап қиындау.

Қалқаман Сарин. Қазіргі жастардың сүйікті ақыны көптеген әндердің авторы Қалқаман Саринның сайтынан мін таға алмадым. Дизайны ерекше, қалағаныңды оңай тауып, оқып, онлайн тыңдай аласың. Бағасы: 5

Жоғарыдағы Нұр астанаға берген сұхбатында Алтынай Жорабаева сайтын қосатынына уаде берген екен, 6 ай өтсе де сайт әлі қосылмапты. Айқынның сайты осыдан 1-2 ай бұрын ең жақсы жасалған сайттардың қатарынан деп есептеген ем қазір ашылмай тұр. Өздері қазір сахна төрінен көрінбесе де сайттары әлі де жұмыс жасап тұрған Сауле Шаріпова мен Гетто Догстың да сайттарымен таныса отырыңыздар! 

 

Біздің жұлдыздар сайттарды жаңартып отыру, сайттарын қадағалап өз жаңалықтарын жазып отыруға көп мән бермейтін болып шықты. Себебі бізде, кез келген әншінің әнін кез келген сайттан көшіре аламыз. Ал жаңалықтарын әлеуметтік желілер өздерінен немесе табынушгылары (фанаттары) арқылы білуімізге болады. Кейбір әншілердің мүмкін сайты бар да шығар бірақ іздеу жүйелерінен табылмады. Бұл, әрине, сайтпен жұмыс істеу керектігін көрсетеді. 

Дегенмен, кез келген адам әр әншінің сайты арқылы жеке әлемін көріп, сезінгісі келеді.