Бөлек болмыс...

Массагет! )))

Өзгелерге ұқсамайтын ерекше адамдарды сіз де танитын шығарсыз? 

Бір танысым бар. Көркем шығарманың кейіпкері дерсіз. Кейде маған сол кісі өзге ғаламшардың адамы сияқты көрінеді ) Кәдімгідей ерекше. 

Соны кеше көшеден көріп қалдым аңдаусызда. Біраз сөйлесіп тұрдық. 

Баяғы сол кейпі. Өзінің қолөнер үйреніп жүргеніне дейін айтты. ;)

Басында қызық көретінмін. Жасандылық десең, жасанды емес, табиғи болмысы сондай. Бірақ, шыны керек кейде жалығып кетеді екенсің. Өзгелерге ұқсамағаннан кейін. Түсінігі, сөйлеген сөзі басқа болғаннан соң...

Кейде оның кешіп жүрген өмірі, тіпті тыныстаған ауасына дейін басқа сияқты көрінеді. Бір таңырқайтыным, осындай адамдар әр ортада бар екен. Бір группаласым болған. Сондай. Бөлек. Оны түсіну қиын еді. 

Осындай өзгеше адамдар сіздің де өміріңізде бар шығар? 



Бөлісу: