Өткен күндерді аңсау

Өткен күндерді аңсау
жеке
блог

Адамзат баласы шынымен бүгінгісі күнін қанағат тұтпай, ертеңгісін аңсап тұратыны белгілі ғой. Бұрындары мектеп бітіріп, университетті аяқтап, жақсы жұмыс тапсам деген небір ойлар мен армандар алға жетелеп келеді. Бірі орындалып, қуанышқа кенелтіп жатса, кейбірі сол арман күйінде қалғаны да бар…

Қазір сол армандап, қиялдаған күндерді аңсаймын. Ол күндері өмірдің “нағыз” шындығын білмей, бүгінгі “Жаңбыр ханшайымы” жоқ болатын. Ол кезде барлығына сеніп, жақсылық пен жамандықты айыра алмайтын аңғал болса, қазір барлық істеген әрекеттеріне тек қана сыни тұрғыда қарап, ешкімге сенбейтін ару пайда болды. Және бұрынғы блог иесі қарапайым болса, бүгінгісі тым “өзінше” болып кеткен сияқты. Мүмкін бұл адамның өзіне өзі деген сын немесе көңілі толмау болар…

Сағындым… сол бала көңілді “Жаңбыр ханшайымын” сағындым… Ойына не келсе, ештеңеден тартынбай айтып салып, қарап отыратын, “Ұят болады” деп өзін шектемейтін жанды көргім келеді. Бәрінің сөзіне имандай сеніп өткім келеді… Бірақ есейдік…