Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Көңіл күнделігі. 10-шы жазба.

Көңіл күнделігі. 10-шы жазба.

Көңіл күнделігі. 10-шы жазба.

«Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық». О. Сүлейменов

 

«Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Сен өлсең, орның басар көк бесті бар,

Болады, Құдай қосса, о да тұлпар», - деген өлең жолдары есіме түсіп отыр. Иә, расы сол «Құлагердің құлауын» жазғаннан кейін күнделік беттерін жариялауға еш зауқым соқпай қалды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар». Бүгінгі жазбамның тақырыбын «Асылдарым» деп қойғанды жөн көріп отырмын. Бұл, «Елтұтқаны» жария еткеннен кейінгі – ой. «Асылдарым» – Мырзатай Жолдасбекұлының еңбегі. «Жақсы ортақ, Ай ортақ, Күн ортақ» болғандықтан, әрі, біз үшін үлгі, насихат ретінде жазылғандықтан еркімізше пайдалануға әрі, ізін жалғастыруға міндеттіміз ғой деп ойлаймын. Қазақ халқы, құдайға шүкір, ұзына тарихында елбасшы ер-азаматтар мен көшбасшы көсемдерінен әсте кенде болған емес. Бір сөзбен тұлға, лидер деп те айтылады. Әр тұлға жеке бір әлем. Оның сан қырлы сипатын толық қамту менің мүмкіндігіме және зерттеу аяма сай келе бермейтіні анық. Сондықтан да, белгілі бір өріс шеңберінде шектеліп жатуымыз да әбден мүмкін, ықтимал. Өз кезегінде пікір білдіруші замандас – тұлға табиғатына сай өзіндік өрнек, айшық қосып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Сылдырап аққан әр бұлақ бір арнада тоғысса, дария – дария болып шалқыр ма еді, бәлкім, кім білсін?..

Massaget.kz – үлкен тәрбие көзі. Мен, істің дамымалы болғандығын көздеп тұрмын. Ол, жай ойын-сауық орталығы болып, ойыншы-күлкішілдікпен шектелмеуі қажет. Жарықтық апам, екі сөзінің бірінде:

«Бәрің бірдей қойшы болсаң – құл боларсың,

Бәрің бірдей тойшы болсаң – сор боларсың.

Бірің қойшы, бірің тойшы болсаң

Халқым сонда – зор боларсың», деп тақпақтап отырушы еді. Тәрбие баянды болмағы үшін, негізінде: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар, экологиялық, экономикалық, жыныстық,  патриоттық тәрбиелер қатар берілуі қажеттігі педагогикадан мәлім. Міне, сонда ғана біз жетілген, толыққанды азаматтың қалыптасуына өзіндік үлес қостық деп айта алсақ керек.  Сондықтан, өз кезегінде Massaget.kz порталының ішкі тәртіп мәселелеріне де аздаған өзгеріс қажет деп білеміз. Сырт көз сыншы, бұл біздің іс бағдарын аңғарғаннан соң айтып отырған сөзіміз. Мұнда көтерілген мәселелер – жалпы көпшілікке, әсіресе мектеп оқушыларына қатты әсер етуде. Олар, «Е, ержеткен, бойжеткен деген осындай болады екен ғой» деп мұндағы айтылғандарды айна-қатесіз қабылдауда. Мұны, мектеп оқушыларының осында келіп түсіп жатқан пікірлерінен, материалдарынан анық аңғаруға болады. Жас баланың көңілі, жан-дүниесі сорғыш қағазы тәрізді, көргенін де естігенін де бойына тез сіңіреді. Біз жақсы істеріміздің қайтарымын Гүлжайна (Gul Zhaina) тәрізді пайдаланушыларымыздан көре алсақ, жағымсыз, нашар қылықтарымыздың қалай сіңісті болып жатқандығын Жания Каримхан тәрізді іні-қарындастарымыздың жазбаларынан кездестіріп отырмыз. Кім, кінәлі? Бұл жерде бірді-бірге сілтеп, бойды ала қашқаннан ұтарымыз шамалы. Бәріміз кінәліміз! Сондықтан, іс бағытын айқындап, біраз қағидаттарды қайта қарауға тура келеді. Онда да егер, алдағы күннен үмітті болсақ. Әйтпесе, жоқ! Мұндайда қазақ: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» дегенді айтуды да ұмытпаған. Жылтырағанның бәрі алтын емес, көркемдік кеңес деген болу керек. Осы мақсатта, әрдайым іске әзір тұратын «кері байланыс», «кеңес беру бюросын» қолданысқа енгізіп жатса дұрыс болар ма еді деген ой да бар. Әйтпесе, түсініксіз жайттар өте көп, жүйкеге салмақ салады, зығырданыңды қайнатады. Тіпті, бар ғой екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткің келеді. «Оу, батыр, қайда барасың? Ел, сенікі емес пе?» дейсің де мәңгіріп қайта келесің.

Үміттісің ғой: ойнайсың, күлесің, жылайсың, шаттанасың міне, сөйтіп қайта бақытқа кенелесің. Бәрі де өзіңсің, бәрі де сенікі, бәрі де менікі!

Асылдарым, менің!

 

Күннің нүктесі:

Сен жанбасаң лапылдап,

Мен жанбасам лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап –

Аспан қалай ашылмақ. Назым Хикмет

2417 5
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 20 қараша 2012, 13:46
Тегтер: күнделік
Пікірлер
+0
20 қараша 2012, 14:26

О, күнделік! Жөн сөз!

+0
20 қараша 2012, 16:11

әдемі ой жазыпсыз!

+0
20 қараша 2012, 19:12

Сөздеріңіз орынды. Біз барынша үлгі болар дүниелер жазуға тырысамыз, алайда осы күні балалар іште жатып біледі ғой бәрін. Интернет кеңістігі кең, бізден шыққан соң қайда барарын бір құдай біледі. Бұл жерде әр адамның ұсынысы мен оны қабылдап жатқан балаға байланысты. Бір жазбамен білдей ұлтты тәрбиелеп шығара алмаймыз. Әрбір жас оңмен солын айыра алар өресі кең деп үміттену ғана қалады.

+0
21 қараша 2012, 19:29

Жақсы ұсыныс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев