Интуиция

Интуиция
жеке
блог

...Сабаққа мүлде дайындалғың келмейді, бірақ ертең емтихан, нашар баға алып қалу қаупің бар. Алайда, жүрегің ештеңеден қорықпайды, бәрі жақсы болатындай белгі беліп тұр. Ертеңінде сен білетін сұрақтар келіп түседі немесе мұғалім келмей қалады, жалпы дайындалмай келгеніңнен жапа шекпейсің. Осы кезде интуиция деген сезімді жоққа шығара алмайсың. Алайда ол әркімде әрқалай дамыған, мысалы, дәл сол сабаққа жаныңдағы құрбың бар ынтасымен дайындалуы мүмкін, алайда апай бәрібір келмей қалды. Оның интуициясы неге көмектеспеді?

Бір жерде оқығаным бойынша, әр адамның бойында экстрасенсорлық қабілет бар екен. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, бір топ адамды бір жерге жинап әкеледі. Және екі танымайтын адамды қарама қарсы қойып, гипноз күйіне түсіріп, екінші адам жайлы сұрай бастайды. Сол кезде екінші адамның ойына сол адаммен байланысты фрагменттер келе бастайды екен.

Әрине, барлықтарыңызға экстрасенс болып, болашақты жорып, интуицияларыңызды іске қосыңыздар деп шақырып жатқан жоқпын. Жалпы адам бойындағы осы қасиеттер жайлы сөз қозғағым келеді. Интуицияңыз сізге көмектескен кездер болды ма? Және оны қаншалықты жиі пайдаланасыз? Жалпы, оның интуиция екенін қайдан білесіз?