Сыйынар ем АНА деген тәңірге!

Сыйынар ем АНА деген тәңірге!
жеке
блог

Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - МАМА, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралган кең жүрегіңізден, қызуы тұла - бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, мама!..Маматайым, езуіңіздегі күлкі, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз! Туылған күніңізбен анашым!!!