жеке
блог

көктемгі шақта ән үдеп...

Көктемгі шақта ән үдеп,

Желкілдеп жусан қырда бақ.

Жоғалған күзде сары үлек,

Келсем бе екен бір қарап?!

Далада мұнар шақта ол,

Кетпегем тіптен менде елеп.

Тілемей ауыр атқа жол,

Жүргенде болар енде деп.

Отарлап баққан түйе бұл,

Қайырушы едік қауымдап.

Отарды мендей сүйер ұл,

Ыстықтау бірақ, ауыл жақ.

Аулақта жатқан елден бұл,

Еркіме баққан түз, жапан.

Сәбилікпенен сенгем дүр,

Әперем деуші еді қызды атам.

Елемеуші едік жел өтін,

Ызғар ма дала, қар-мұз ба!?

Жүрегін жылтып беретін,

Жетпей жүр қолым сол қызға.

Ойласам енді жоқ арман,

Қасымда шат күн жүр менің.

Жоғалып бәрі оралған,

Табылмағаны бір келін!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі