жеке
блог

Ауа сата алсаңыз бәрін сатасыз!

Мына мақаланы оқып отырып өзімнің қазіргі жұмыс жайында аздап жазып кетуді жөн көрдім. 

Жалпы, біздің өмір басыбайлы маркетингтік жүйенің құрбаны. Маркетингтік жүйенің ең мықты жолы жарнама. Жарнаманың басты мақсаты, өздеріңіз білетіндей- сату. Барлық товар шығарып, оны сатып танымал болып көөөөп ақша тапқысы келетін әр компанияда басты адамдар: сату бойынша менеджерлер мен маркетологтар мен пиар менеджерлер (жарнамаға қатысты бар адам). Осы үш адам өте мықты, креативті ойлай білетін болса сіздің товарыңыздың болашғы жарқын. Қазіргі заманның ең мықты мамандары. "Неге?"- деген сұрақ туындап отырған шығар, артынан тоқталам.  

Бұл үш менеджерлердің алдында қатып қалған жұмыс тәртібі жоқ, бірақ екі міндеті болады. Олар: тауарды сату, компания атын шығару. Осы екі жолда сіз бар күшіңізді жұмсайсыз. 

Менеджерлердің қысқаша ұстанымы (жалпы мотивациясы): 

1.  Сен саудагерсің ба жоқ шығармашылық ба нақты ажыратып алу керек, сату әр кімнің қолынан келмейді. (шғармашылық адамдарынан сату келмейді, қанша жерден сенімді болсаңда іштей күйзеліс тууы мүмкін)

2. Мақсатты айқын қою керек (мысалы: табысың нақты суммамен көрсетіп мақсат қою керек)

3. Сатып жатқан (жарнамалап) тауар жайында бар ақпаратты білу керек. Бұл өте маңызды! Өз тауарыңызға сеніңіз, өз компанияңызға сеніңіз! 

4. Кішкентай жарнама болса да салыстырып, сараптама жасай білуді үйрену керек 

5. Психолог бола білу керек (алдыңдағы адаммен кездесе салған кезде оның қандай екенін біліп тұру керек)

6. Кез-келген адамға комплимент айта білу керек және оның бірден қандай деңгей адамы екенін анықтап алу керек.

7. Соңғы ақпараттардан хабардар болу керек, кез келген сұраққа жауап беруге дайын болу керек, қандай қиын тақырып болса да. 

8. Бастысы жұмыс істеген кезде ақша ойың да емес сенің сатып алушыңның көңілі тұруы керек, сонда ісің оңға басады. 

9. Кез келген адаммен мәдениетті сөйлеуге тырыс

10. Сыртқы келбетің қашанда тартымды болуы тиіс. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі