MBTI тұлға сынағы туралы естідіңіз бе?

MBTI тұлға сынағы туралы естідіңіз бе?
жеке
блог

MBTI сынағын Майер және Бригс атты ағылшын ғалымдары 1940 жылы көп жылдық зерттеулерден соң ойлап тапты. Содан бастап, бұл тест әлемдік қызығушылыққа тап болды. Әсіресе, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, АҚШ сияқты елдерде тез таралып кетті. Оның себебі, бұл тест арқылы адам 16 тұлғаның қай түріне жататынын біліп, неге икемі бар екенін және тұлғалық артықшылықтарын біле алады. Әрбір түрі 4 әріп арқылы жазылып, оқылады. Әрбір әріп өз ішінен адам қалай қоршаған ортасын, өзін, басқа адамдарды қалай қабылдайтынын көрсете алады. 1-ші әріп энергия түрін білдіреді. Яғни, экстраверт- көпшілік ортасында өзін жақсы сезінеді. Немесе интроверт-жалғыз болғанда өзін жақсы сезінетін тұлға.

2-ші әріп сіздің ойлау қабілетіңіздің түрін анықтайды.

Сенсорик- факт, дәлел, тұрақтылықты қолдайды.

Интуит- жаңа мүмкіндік ,ішкі түйсік, қызықты идеяларды қолдайды.

3-ші әріп мінез-құлық түрін анықтайды.

Логик- шешімді өзінің ішкі түйсігі арқылы шешеді.

Этик- шешімді өзінің, айналасының ой-пікірін тыңдап шығарады.

4-ші әріп шешімді қабылдау стилін анықтайды.

Рационалды- жоспарлаушы.

Иррационалды- жағдайға байланысты.

Қызықты дерек: Америка Құрама Штаттарында орта мектеп түлектерінің 70% -ы болашақ мамандығын таңдау мақсатында MBTI көмегімен тұлғалық типті анықтаудан өтеді. MBTI сауалнамасын жыл сайын 2 миллионнан астам адам толтырады. Ал Оңтүстік Кореяда жұмысқа тұрарда адам осы тестті тапсыруы міндетті екен.

Бұл тестте дұрыс немесе бұрыс деген жауаптар жоқ. MBTI мақсаты сіздің тұлғалық артықшылықтарыңызды ашу, неге көбірек қабілетті екеніңізді білу. Өйткені, әрбір адам болмысынан – тұлға. Сол себепті, оны әлемнің 191 елі ылғи қолдануда. Сондықтан, сізгеде MBTI тұлғалық тесттен өтуге кеңес беремін.

Гүлжан Кенжебек, 11 сынып оқушысы