Үйді жалаңаш жинап көрдің бе?

Үйді жалаңаш жинап көрдің бе?
жеке
блог

Ақша не істетпейді? Адамдар ақша үшін не істемейді?! Міне, қоғамда осы сұрақтың жауабын табу қиындап тұр. Алматының байлары үйін жалаңаш жинап беретін (топлесс-уборка) қызметшілерге 80 шаршы метр үшін 80 мың төлейді екен.

"Ақысын берсе, боқысын шығаратындар" үшін бұл артық етпейді. Тіпті, Алматыда осындай қызметке құрылған компания да жұмыс істейді.

Аталмыш компанияның бас қызметкері Әлібек Адияровтың "Мегополиске" берген сұхбатында: "Біз әр шаршы метр үшін 2 мың теңге аламыз. Бірақ, байлар соңғы кезде айтқан бағасына келіспейтінді шығарды. Бірақ, жақында Бағанашылдың бір тұрғыны үйін жинату үшін 2 млн. теңге төледі. Бірақ, мұндай жағдай сирек кездеседі. Көбіне, үш бөлмелі, екі қабатты үйлерден сұраныс түседі", депті.

"Біздің қызметшілер үйді жалаңаш жинастырып тазалағанымен, жыныстық қызмет көрсетпейді. Себебі, олардың жалақысы жоғары. Тіпті, 40 мың теңге жалақыны азсынып, бізге келіп жатқан ағылшын пәнінің мұғалімі де" бар. Бізде әр қызметшіге 150-200 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.

Мысалы, мен ҚазҰУ-дың халықаралық қаржы мамандығын тәмамдағанмын. Айдар дейтін жігіт заңгер, Влад дейтін жігіт қаржыгер. Ал, қыздардың дені заңгер, елшілік, қаржы мамандықтарын тәмамдаған. Бірақ, біз бұл жұмысқа уақытша ақша табу үшін келдік. Өмір бойы біреудің үйін тазалап жүрмейміз ғой, - депті сөзінің аяғында.

P.S. Оқыған адамдардың өзі осындай қызметке жегіледі. Ал, дипломсыз жұмыс таппай жүргеннен не қайыр осыдан кейін. Ұятты жиып ақша тапқаннан, 40 мың теңгеге тіл үйретіп, өзгелердің көзін ашқан әлдеқайда артық емес пе?!