50 жылдан кейінгі Қазақстан

Бәріне мәлім "Қазақстан-2050" стратегиясында мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің идеясын халыққа жолдаған болатын. 

 Қазіргі таңда Қазақстанның саяси да, экономикалық та жағдайын алып қарастырсақ, әлем бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан мемлекеттерден асып түспесе, кем емес. Мысалы, елдің туризмін алатын болсақ, бірте бірте басқа елден бізге келетін туристтер саны көбеюде. Оған қоса Қазақстанның тұрғындары да қазір ішкі туризмді қолдауда.

Қазақстан қазіргі кезде көптеген елдермен саяси өзара келісімдерге келіп, елдер ішкіаралық қарым қатынастарын бекітуде. Себебі, Қазақстан халықаралық саясаттағы ірі ойыншыға айналды, бұл оның әлемнің екі бөлігінің, Еуропа мен Азияның шекарасында, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық тиімді географиялық жағдайына байланысты. 

Алдағы 50 жылда Қазақстанда мүмкін әлі де дүниежүзі бойынша ешқандай жерде болмаған жаңа дүниелер ойлап табылуы мүмкін. Фантаст жазушы Айбек Азимов«2014 жылы ас әзірлеу, жұмыртқа араластырып, ет қуыру сияқты адамды зеріктіретін жұмыстарды шағын құрылғылар (гаджеттер) атқарады» деп айтқанындай жаңа өнертабыстар пайда болуы мүмкін.



Бөлісу: