ҰБТ өмірдің соңы емес

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өмірдің соңы емес. Алда сізді көптеген өмірдің қызықтары мен қиындықтары күтіп тұр. БҰЛ ҰБТ-ны алда тұрған жол деп ойлаңыз. Білім алудың және ата-анаңыздың үмітін ақтаудың әртүрлі жолдары бар, егер сіз оны іздесеңіз, оны міндетті түрде табасыз. Сіздің жетістігіңіз ҰБТ ұпайыңызға байланысты емес, ол сізге байланысты. ҰБТ-бұл тек білімді тексеруге арналған құрал. Бұл тест тек өміріміздің 4 сағатын ғана алады. Өмірдің маңызды қадамы, болашағымызды шешеді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Жыл сайын 60-70мыңнан астам оқушы грант ұтып  алады. Ал грант алмаған студенттердің өмірінің күл-талқаны шықты деп ойлайсыз ба? Әрине жоқ. Олар әрі қарай өмір сүруін жалғастырады, тіпті биік белестерді бағындырып жатқандары жетерлік.

Шынында да, оқушылар тестілеуге қатысудан бас тартса немесе шекті баллды жинай алмаса не істеу керек?

Ең өзектісі, жеке жоғары оқу орындарына, колледждерге немесе кәсіптік оқыту орталықтарына түсу.  «Біз ҰБТ-ға қатыспаған немесе ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлектерін қабылдаймыз» деген хабарландыруларды көрген боларсыз. Оқушылар осындай сынды оқу орындарын таңдайды .       Екіншісі, әскерге бару. Олар мектеп аяқтап, бір жылға Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, әскери билетпен қайта оралады. Осылайша ол тезірек жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер бар. Кейбір жастарымыз борышын өтеп, сонда қалып әскери лауазыммен әрі қарай жұмыс жасай алады.    Үшіншісі, құжаттарды шетелдік жоғары оқу орындарына тапсыру. Әлемдік саяси аренада Қазақстан көпвекторлы саясатының арқасында біздің еліміздің азаматтары үшін көптеген оқу орындарына түсуге мүмкіндіктер бар, сонымен қатар шетелдік университеттердің артықшылығы- ешқандай кедергісіз және ҰБТ сертификатынсыз оқуға қабылданады. Бірақ өздерінің қабылдау талаптары бар. Солардың бірі, Turkiye Burslari, Түркияда білім алуға қолайлы бағдарламардың бірі. Толық ақпараттарды бағдарлама сайтынан ала аласыз. Шетелде оқу үшін-халықаралық тілдерді білу қажет. Жастар алдымен тілдік курстарда шет тілін үйреніп, ақылы немесе гранттық негізде басқа елдердің жоғары оқу орындарына түсе алады. Өмірде жоғарғы оқумен қиындықтары болған, әлемдегі ең бай адамдар:

Қытайлық бизнесмен, кәсіпкер - Джэк Ма. Alibaba компаниясының негізін салушы. Жоғарғы оқу орнына  үшінші рет тапсырғанда ғана түскен. Қазір оның жеке капиталы 24,9 миллиардты құрайды

Стив Джобс- Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Ол мектеп аяқтаған соң, Ореган штатындағы Рида колледжіне түседі, бірақ қаржылай қиналып, оқуын тастауға мәжбүр болады. Бірақ соған қарамастан нәтижелі еңбегінің арқасында әлемнің ең бай адамдарының бірі болды.

ҰБТ өміріңізді шешпейді. Тестілеуден аз балл алдым деп қажымаңыз жас түлек. Сізді әлі алда биік белестер күтіп тұр. Миыңызға ешқашан шектеу қоймаңыз. 

 



Бөлісу: