Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Саз әлемі 2

Саз әлемі 2

Саз әлемі 2

Саз әлемі- 2012 кешеден бастап қайта бізді қуантпақ. 

Былтырғы жылы, бірінші рет басталғасын кемшіліктері жайлы көп сөз қозғап, біраз әншілерді аспаннан түсіріп қойған едік...

Әр бағдарлама жасаушыға меніңше болса, өз бағдарламасын жұрттың қалай қабылдап, жақсы-жаман болсын талқылап жатқаны меніңше қуаныш. Шын ғой, өзіміз кішкене бірдеме жазсақ та талқылау күтіп отырамыз. Ешкім 100% керемет дүние жасай алмайды, себебі талғам деген "өте капризный" кісі екен)).

Жалпы, былтырғыдан өзгерісті кеше бірден көре алмадым. Мүмкін, бағдарлама өткен сайын байқап қалармын (-мыз). Ааа, байқағаным, жүргізуші үшеу болып кетіпті))). Баян ханымның қазақшасы да қуантарлық болып қалған (қазақтар қазақша сөйлесе, қуанатын жағдайға жеткенімізге көп болды ғой). 

Саз әлемі, жақсы бағдарлама. Әншілерімізді де, әндерімізді де оның ішінде әнге сөз жазған ақын да, ән жазған компазиторды да тікелей сынап алуға үлкен мүмкіндіктер бар сияқты. Жюри мен сарапшыларды жақсы мамандар болса әрине... 

Бізде қалыптасып қалған стереотиптер көп қой, жақсы әндер қазақ болғасын ұлттық нақыштағы әнді ұлттық нақышта орындалу керек немесе біздің әншілер шетелдік әншілер сияқты орындай алмайды деген. Біріншісіне әрине таласым бар, себебі, заманына қарай адамы. Заман талабына сай әні, әншісі, тыңдаушысы. Екіншісіне айтарым, бізде шынайылық жоқ. 

Кешегі орындалған әндердің ішінен, мына ән немесе мына әнші ұнады деп нақ басып айта алмай отырғаным тағы бар. Дегенмен, Кентал өзгеріс енгізгісі келеді, бірақ... Сақалшы, сақалшы дегенге сақалын бояпты дей ма? Соның кейпінен аспай қалған сияқты... 

Сіз не ойлайсыз? 

8020 30
Рейтинг: +3

Автор: Айкона Н
Жазылған уақыты: 15 қазан 2012, 10:53
Тегтер: саз әлемі, әншілер, ән, сайыс
Пікірлер
+0
15 қазан 2012, 11:00

Кеше біреу ән айтты, ән айтпады десе де болады, бір нәрсені қайталай береді, қалай еді: "бірлік болсын елімде, бірлік болсын әлемде" мәне осыны қайталай беретін бір әншісымақ, тіпті билеп сахнаны мазақ қызды, түк қызық емес, Вопшім басталуы ЖАМАН әншімен басталды десе де болады, бірақ КӨРЕ жатармыз енді әрі қарай не боларын... :roll:

+0
15 қазан 2012, 11:14

басын көре сала түңілмейік ))

+0
15 қазан 2012, 11:35

Бірлік болсын елімде, бірлік болсын әлемде, на-на на-ней))))

+0
15 қазан 2012, 11:23

Че то осы жылы іш пыстырарлық болып жатыр. Үш жүргізушінің біреуі артық сияқты. Ана комик бала өзі жүргізе берсе де болады екен. Сосын әділқазылар әдейі ұрысқылары келіп отыратын сияқты, шоу болсын деп :mrgreen:

+0
15 қазан 2012, 11:31

Тура массагеттегі сияқты шоу ма? :lol:

+0
15 қазан 2012, 11:39

Массагетте қандай шоу?

+0
15 қазан 2012, 11:44

Шоу жасап жүрсіңдер гой! Бір "вечнонедоволнев" адамдарың бар гой! Сол арқылы тайталас туғызып шоу жасайсыңдар! :mrgreen:

+0
15 қазан 2012, 11:36

Иа, мағанда солай көрінді. Маржан жетіспей тұрған сияқты сарапшылыққа :lol: Балым апай добрая биыл ))

+0
15 қазан 2012, 11:34

Кенталға тиіспеңдер, дауыс беріңдер. мен бердім соған даусымды ;) кешегісі өзіме әдемі көңіл күй сыйлады сондықтан ба ұнады

+0
15 қазан 2012, 11:39

:lol: :lol: :lol: бір сәттік көңіл күймен бағаламайық))

+0
15 қазан 2012, 11:44

кешегісіне берген бағам))

+0
15 қазан 2012, 12:02

ал меніңше, биылғы "Саз әлемінің" деңгейі төмендеп кеткен... Бұдан мықты болар деп ойлаған едім, басталады дегенде... Бағдарламада алға жылжу жоқ... жүргізушілер де әлсіз...Айқын қағазына қарап болды...Тұрсынбек бұрын ойнақы жүргізетін еді. Ал мұнда жасандылық қарапайым тілмен айтсақ "көзге ұрып тұр"...Кешегі әншілерден іліп алар ешкім жоқ...Басы қатты болса, аяғы тәтті болар бәлкім...

+0
16 қазан 2012, 10:23

шынымен дым өзгеріс байқай алмадым. Тұрсынбекке жету қайда???????????

+0
15 қазан 2012, 12:49

Меніңше, Баян шаршап кеткендей, салғырт жүргізіп тұрғандай болып көрінді. Айқынның өзі жүргізіп, өзі бақ сынап жатқаны біртүрлі. Ал квнчик еркін жүргізе алмай тұрған секілді. Тұрсынбекке жетпейді. Бұларды айтып отырғаным бәрі жүргізушіге байланысты ғой қалай өтетіні. Сосын екіншісінде ешқандай жаңалық жоқ екен, жарқ ететіндей. Мен тіпті ортасынан бастап көрген соң, оның 2-жоба екенін осы блогтан оқып отырмын. Үйреншікті жалықтыратын, деңгейі төмен шолудардың бірі сияқты болып қалған секілді. Ал Кенталға келсек, жас бала емес, жігіт ағасы, шығып алып, секең-секең еткені қызық болды. Сондықтан егер минус беру керек болса, оған минус берер едім. Сахнаны жеңіл нәрсеге айналдыруға құқығы жоқ. Танылмай жүрсе, оған кім кінәлі? Демек, халыққа керегі ол емес, Бір сөзбен айтқанда өте сәтсіз болды. Солай.

+0
15 қазан 2012, 13:01

дұрыс айтасың, өзгеріс жоқ. Осылай өткізе салуға болады деген арзан бағдарлама

+0
15 қазан 2012, 13:03

көргем жоқ ешқашан бұл шоуды

+0
15 қазан 2012, 13:27

қарап көріңіз, мүмкін ұнайды))

+0
15 қазан 2012, 14:03

Көрдім кеше, басында тіптен бұрынғы бағдарламаның қайталауы ма деп қалдым, түк өзгеріс, алға жылжу жоқ, әйтеуір жүргізушілер ауысқан, және жеңімпаздың не ілетіні құпия... Алтынай қатыспағанда ғой, мықты әнші, мықты ән - мына конкурстан әлдеқайда биік меніңше, халық қолдағанмен (халықтың көбі Дина айтқандай қылмаса) Баян бере қоймас жүлдені, дым сенбейм бар ғой соған, өз мақсатына (әсіресе біреуден жұлдыз жасағысы келсе) басқаларды пайдаланатындай көрінеді өзіме. Ана Бағым деген отырып алып "шу шығарғыш", Меруерт бар болғаны "вояждан аумай қалған сияқты" деп еді, "жоқ ұқсамайды" деп шап бергендей, біреу содан сұрады ма? әлде Есентаевалардан басқаларда пікір болмау керек пе? Осы Мақсаттың қыздары шаршатып жіберді :lol: ана Адамның қызы құсап (Динара) бәрін тып-тыныш жасамай ма?

+0
15 қазан 2012, 14:29

:lol: міне пікір!

+0
15 қазан 2012, 16:44

Салтанат қатырдың ау ;) Адамның және Мақсаттың қыздарын)))

+0
15 қазан 2012, 16:50

Мен де кордім кеше. Шынымды айтсам :? , жүргізуші Марат пен Айкын екенін (әсіресе Маратты :x ) көргенде ары карай көруге деген қызығушылығымның бәрі құрып кетті. Неге Маратты жүргізуші қып қойғанын түсінбедім, мүлдем жүргізе алмайды, как всегда өтпейтін әзілдерін айтып, адамнын жүйкесіне тиеді. Кешегі болған саз әлемі іш пыстырарлық болды (Алтынайдан басқасы). Баян ханым әбден шаршаған ғой дейм, дұрыс ұйымдастырылмағанына қарағанда!

+0
15 қазан 2012, 17:07

сансыз нәрсенің сапасы құлдырарын ұмытқан ғой...

+0
15 қазан 2012, 17:04

Бізге осындай шоу бағдарламалар керек-ақ. Жоқ болса - жоқ дейміз, бар болғанына шүкір дейік. "Көш жүре түзелер" мүмкін, кемшіліктер бар. Енді сол кемшіліктерді жоюға тырысуы керек бастамашылардың. Тұрсынбекке үйреніп қалғасын, кәзіргі жүргізушілер оның деңгейіне жете алмай жатыр. Әншілерді де іріктеп, халық арасында айтылып жүрген, естіліп жүрген әндерді де іріктеп шығарған дұрыс сияқты, көрінген әндерді шығара бермей. Сосын, дауыс беруге барлық жеті әнді жібермей, көп ұпай алған әндерді іріктеп, дауысқа жіберген тиімді болар еді.

+0
15 қазан 2012, 17:08

көш жүре түзелер деп былтыр айтқан едік, :lol: биыл мега өзгеріс күтпесекте алға ілгерушілік күтіп едік... :!:

+0
15 қазан 2012, 18:57

бұқақақа деуші еді мұндағы біреулер

+0
15 қазан 2012, 18:58

Автор суретті әрең сұрап алған ғой деймін біреуден :lol:

+0
16 қазан 2012, 10:21

кешірерсің, еларна сайтында бұдан басқа сурет болмады :evil:

+0
16 қазан 2012, 18:17

Кенталдікі арзан әрі уақытша резонанс.

+0
17 қазан 2012, 09:32

иа, дұрыс айтасыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев