Қаламы қарымды кемеңгер классик

Жазушылық - адамға Тәңірдің берген асыл сыйы іспеттес. Әркімге бұйыра бермейтін мұндай дарынды тек тағдырынан тұтас ғұмырына жететіндей теперіш көргендер ғана еншілейтін секілді. «Соңғы көш» , «Тағдыр» , «Дарабоз» сынды туындылар құр көркем шығармалар емес, күллі бір заманды суреттейтін теңдесіз тарихи һәм тағлымы мол өсиеттер жинағы. Ал осы романдардың авторы, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділұлы- қазақтың марқасқа классигі, басына біткен асыл бағы болған дара һәм дана тұлға! Қабдеш Жұмаділов жазушылықпен қатар қазақ әдебеитиетінде шоқтығы биік шығармалардың баспадан басылып шығуына себепкер болған шебер редактор.


 Қабдеш Жұмаділов

Табиғатынан құрыш қылыштай қайсар адамды қандай саласаға салсаңда оқбойы озық шығатына даусыз. Қабдеш Жұмаділов жайлы сөз қозғағанда ең әуелі жазушылығы жайлы сансыз пікір мен ойлар бірінші жүгіреді. Дегенмен де  жазушының 1965-1981 жылдар аралығындағы атқарған қызметтері жайлы сөз қозғау артық етпес. 1962 жылы Қытай-Қазақ  шекарасын қақ жарып үдере көшкен қалың көшпен оралған бойда Қабдеш Жұмаділов Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінде аяқталмай қалған оқуын әрі қарай жалғастырады . Аталмыш оқуы аяқталуға жақын  1965 жылы сол замандағы әдебиетінің қайнаған қазаны іспеттес Жазушылар одағының ғимаратында орналасқан «Қазақ әдебиеті» газетінің сын бөліміне орналасады. Сол жылдары газеттің бас редакторы болған Қапан Сатыбалдин жас студентті бірден жұмысқа алады. Газеттің сын бөлімене орналаса сала Қабдеш Жұмаділов бірден қызу жұмысқа кірісіп кетеді. Тағдыр адамдармен тек тағдырластарды тоғыстарады дерсің. 1966 жылы Ілияс Есенберлиннің «Айқас» романы басылып шыққан болатын. Ілияс Есенберлинге жұлдызысы қарсы тарап тұрғысынан қисынға сияр-сыймас, жөн- жозықсыз сын мақалар толсассыз көп түскен болса керек. Газеттің бас редакторы Қапан Сатыбалдин бұл бассыздыққа қатты қапаланып, жас сыншы Қабдеш Жұмаділовке «Айқас» романын толық оқып, газетке сын мақала жазуды тапсырады. Артылған жұмыстың салмағын жақсы сезінетін жас сыншы кітапты толық оқып, газетке сын мақаласын жариялайды.Сын мақаласында І.Есенберлиннің романы өндірістік тақырыпқа жазылған елелулі шығарма екенін дәлелдеп шығады. Жас сыншының еңбегіне риза болған Қапан Сатыбалдин Қабдеш Жұмаділовты Ілияс Есенберлинмен таныстырады. Әділдік кешігіп келсе де мол сыйымен келеді ғой. Екі жыл өтпей жатып Қабдеш Жұмаділов сын мақала жазған «Айқас» романы Мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Осы жағдайдан кейін екі жазушының арасындағы байланыс нығая түседі. Ол кезеңде Қазақ әдебиеті газетін  үлкен айқас алаңы деп есептесек, алдыңғы қатарға сын бөлімі . Мұхтар Мағауин сын бөлімінің бастығы ал Қабдеш Жұмаділов сын бөлімінде әдеби қызметкер ретінде жұмыс жасайды.

М. Мағауин, С. Мұратбеков, Қ. Жұмаділов. 1966 жыл

Жазушылардың бір тобы. Түрегеп тұрғандар (солдан оңға қарай): Сәбит Мұқанов, О. Әубәкіров, А. Сүлеев, Қ. Жұмаділов, Р. Тоқтаров. Отырғандар: М. Мақатаев, А. Бақтыгереева, С. Мұратбеков. 1966 жыл

Осылай газетте сын бөлімінің қызметкері ретінде қызмет етіп жүрген Қабдеш Жұмаділовке де алғашқы кедергілер туындай бастайды. 1966 жылы Қазақстан Жазушылар одағының аударма жөніндегі кезекті пленумінде Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының алғашқы бөлігі «Ымырттаны» талқылаудан кейінгі жазған шолу мақаласынан кейін Қабдеш Жұмаділовтың басынан қара бұлт үйіріледі. Белгілі бір тарап жағынан Қабдеш Жұмаділовтың артына көптеген арыз-шағымдар көбейеді. Ол кезеңде Қапан Сатыбалдин орнына  бас редакторлыққа Нығмет Ғабдуллин келген болатын. Бас редакторға Қабдеш Жұмаділов атына жазылған арыз-шағымдар мен адамдардан босамай, жас қызметкерді газеттен қуып бірақ тыншымаққа бекінкен секілді. Дегенмен 1968 жылы аты дардай «Жазушылар» баспасының директоры қызметіне І.Есенберлин тағайындалып, Нығмет Ғабдулиннің ұсынысымен Қабдеш Жұмаділов қуана-қуана баспа саласына ауысады. Газетте Қабдеш Жұмаділов бар жоғы екі жылдай қызмет атқарған.

Қ. Жұмаділов «Қазақ әдебиеті газетінде жариянланған сын мақаласы.(9июль.1965ж)

Досыңа достық қарыз іс демекші баспаға келген Қабдеш Жұмаділовті, І.Есенберлин құшақ жая қарсы алады.Қ.Жұмаділовты «Жазушы» баспасының проза бөлімінің аға редакторы қызметіне тағайындайды. Баспада жүргенінде  жазушының алғашқы авторлық кітабы «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағын позия бөлімі басып шығарады. Көп уақыт өтпей алты баспа табақпен 1968 жылы «Қаздар қайтыр барады» деген әңгімелер жинағы жарық көрген болатын. Проза бөлімінде Мұхтар Мағауин, Тұтқабай Иманбеков, Төлек Тілеуханов сынды  тұлғалармен қызмет атқарды. Қабдеш Жұмаділов Ілияс Есенберлинің баспада жүргенінде түгелдей дерлік кітаптарына редакторлық жасады. «Ғашықтар» , «Көшпенділер» трилогиясы түгелдей дерлік Қабдеш Жұмаділовтың сүзгісінен өтті. Қабдеш Жұмаділовдің 1969 жылы алғашқы «Көкейтесті» романы жарық көрді.1970-1971 жылдары жазушы өзінің теңдесіз туындысы Соңғы көш романының алғашқы кітабын жазуды аяқтайды. Өз естелігінде Соңғы көшті "ұйқының денсаулықтың есебінен жазуға тура келді" дейді. Дегенмен Соңғы көш кітабы тек 1973 жылы ғана басылып шықты.  Жазушы баспасында проза бөлімінде жұмыс жасап Ілияс Есенберлин ,Әди Шәріпов, Мәлік Ғабдулин, Әбділда Тәжібаев, Тұрсынбек Кәкішев, Хасан Әдібаевтың кітаптарына редакторлық жасаған. Тұрсынбек Кәкішевтың «Сын сапары» атты монографиясын қысқартылудан алып қалған ұшін « Менің ұлы редакторыма » деп автогров жазып беріпті. Сонымен қатар  жазушылар: Әди Шәріповтың «Ормандағы от», «Алыстағы жағалаулар». Әкім Тразидың «Құйрықты Жұлдызы» Сайын Мұратбеков «Отау үйі», Рамазан Тоқтаровтың « Ертіс Мұхитқа құядысы», Рымғали Нұрғалиевтің «Трагедия табиғаты» Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны» «Көк мұнар» «Ақша қар» кітаптарына да редакторлықты Қабдеш Жұмаділов жасады. Жетпісінші жылдардың ортасы жазушы үшін ауыр болды. Әзілхан Нұршайықовтың сұрауымен Батыр Бауыржан Момышұлы арқау болған Ақиқат пен аңыз кітабына редактор болады. Дегенмен бұл кітап үшін біраз айқасуға тура келді. Бауыржан Момышұылының ерліктері баяндалған роман-дилогқа қуана қуана қол қойды. Дегенмен баспа басшыларынан романды «қате тексергені» үшін қатаң сөгіс алады. Ақиқат пен аңыз сан сынақтан аман шығып,тек 1976 жылы басылып шықты. Ақиқат пен аңыз үшін сөгіс алғаны аздай, 1975жылы Әбділда Тәжібевтың «Есімдегілер» атты естелік кітабын шығаруда да баспа басшылары кітап ішінен қате тауып, Қ.Жұмаділовке қатаң сөгіс жариялайды. Жан жақтан қойылған қысым, жазушы атына келген арыздар кесірінен 1976 жылы баспадан өз қалауы бойынша жұмыстан шықты. 1976 жылы  Мемлекеттік Баспа комитетінің төрағасы Шерияздан Елеукенов шақыртуымен  комитетке «аға редактор» болып жұмысқа орналасады. Осы уақытты «Бір қаланың тұрғындары» атты повест жазды. «Сарыжайлау» атты жинағы  1978 жылы кітап болып басылып шықты. 1981 көптен күткен «Соңғы көш» романының екінші кітабы басылып шықты. Осы шаруаның барлығын жазушы баспа комитетінде жүріп атқарды.

Өмірінің он тоғыз жылын қызметке арнаған заңғар жазушы 1981 жылы кеңсе қызметінен түбегейлі кетіп, шығармашылыққа толығымен бет бұрды. «Қазақ әдебиеті газетінде екі жыл, Жазушы баспасында тоғыз жыл, Мемлекеттік Баспа комитетінде бес жыл қызмет жасап сүбелі әрі сапалы туындылардың шығуына зор үлесін қосты. Қызмет барысында кездескен қиындықтарға қайтпас қайсар мінезі мен қажырлы еңбегінің арқасында қарсы тұрды. Газет саласында болсын, баспа салсында болсын Қабдеш Жұмаділовтың алар орны ерекше. Сондықтан болашақ баспасөз және баспа салаларының мамандары Қабдеш Жұмаділовтен үлгі алуымыз керек!

 

Қабдеш Жұмаділовтың "Жазушы" баспасында жұмыс жасап жүргенде жарық көрген кітаптары:

                              

Қабдеш Жұмаділов « Жас дәурен» өлеңдер жинағы 1967ж. «Жазушы «баспасы

     

Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» романы 1974ж. « Жазушы» баспасы

Қабдеш Жұмаділовтың редакторлығымен жарық көрген кітаптар. "Жазушы баспасы".

 

Мұхтар Мағауин «Ақша қар» 1969. «Жазушы» баспасы

Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» 1967. «Жазушы» баспасы

Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-дилог.1976ж. «Жазушы» баспасы

Т.Кәкішов «Сын сарапары» 1971. «Жазушы» баспасы

Мұхтар Мағауин «Көк мұнар» 1972ж. «Жазушы баспасы»

Хамза Берден

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 2курс студенті.



Бөлісу: