"Академиялық жазылым" пәнін ЖОО-да оқытудың тиімділігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенттеріне биыл жаңа пән қосылды. “Академиялық жазылым” дегенде бірінші ойға келетін – реферат, баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми пікір, автореферат, диссертация, ғылыми жобаларды жатқызуға болады. Жалпы, академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі оның лексикалық қорының мол болуында. Ал енді, акалемиялық жазылымның ЖОО-ның оқыту бағдарламасында болуының  маңыздылығына тоқталып кетейік. 

Жалпы, жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемниетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады. Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуiрiнен атом дәуiрiне дейiнгi адамзат мәдениетiнiң жетiстiктерiнiң бәрi жазу арқасында. Жазу әрекетінің (жазылымның) басымдықтары мынада:

1. Хабарлауға қажетті ақпарат туралы барынша жан-жақты ойлануға және зерттеуге уақыт береді;

2. Материалды өз қалауыңызша құрастыруға, өзгертуге мүмкіндік бередi; 

3. Материалды неғұрлым нақты және тиімді етіп құрастыруға мүмкіндік береді; 

4. Ойларыңызды, әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізді тіркеуге, қағаз бетіне қалдыруға мүмкіндік береді; 

5. Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді. Материалмен танысатын оқырманның уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, жазба  материалмен оқырман кез келген өзіне қолайлы уақытта таныса алады, оның үстіне адамның көбі естіген ақпараттан гөрі оқыған ақпаратты тез игереді.

Бұның бәрін өзіне қамтыған ол - “академиялыш жазу” болып саналады. Сол себепті, осы пәннің оқу бағдарламасының енгізілуі студенттердің сауаттылық тұрғыдан қарқынды дамудың себебі болып келеді. 

Қорытындылай келе «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. ҚазҰУ ғылыми кадрларды даярлайтын жоғарғы оқу орны болғандықтан бұл пәннің маңыздылығы басым деп ойлаймын.

Авторы: Темиржанова А. Р. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің
“Кино&Медиа” мамандығының 1-курс студенті.

Жетекшісі: Игиликова С. И.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультетінің аға оқытушысы.



Бөлісу: