Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.

Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.
жеке
блог

 

                                                 Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.

 

  1. Әр қазақ баласы өзін елдің иесі деп білуі тиіс.Қазақстан – қазақ ұлысы.
  2. Әр қазақ жігіті Президентке шын көңілмен берілсін.

3.    Әр қазақ жігіті оқуды қызыл дипломға бітіруге тырысып, өз сала-сындағы ең  мықты маман  болсын. Оған Орталық Азияда тең келе-тін ешкім болмасын.

  1. Мемлекетке адал қызмет етсін, қазынаның ақшасын ысырап қыл-масын, кооррупцияға қарсы тұрсын .
  2. Қазақ жігіті Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йассауи әулие негізін салған            

              дәстүрлі исламды, қазақ руханиятын білуге және өмірінде тұтынуға

              тиіс.Фольклорды, салт - дәстүрді, бата беруді үйінде қолдансын.

  1. Әр қазақ жігіті қазақша шешен тілмен, ағылшынша, орысша  сауатты сөйлей  білсін, компьютерді, өз құқын қорғауды толық білсін.
  2. Әр қазақ жігіті тәулігіне 8 сағат кәсіби - ғылыми, әдеби кітаптар оқысын.
  3. Әр қазақ жігіті қазақ тарихындағы ақкөз батырлардың өмірін егжей-тегжейлі біліп, үлгі тұтсын. Қазақ ұлтынан шыққан мем-лекет,  өнер,  ғылым қайраткерлерін мақтаныш тұтсын.
  4. Өзге халықтардың мәдениетімен дініне көзсіз еліктеуін тоқтатсын.
  5. Өзге ұлтты кемсітпесін,  басқа халықтардың  мәдениеті  мен  дінін   

               сыйласын.

  1.  Әрбір жігіт “Әр қазақ – менің жалғызым”  деп білуі тиіс. Қазақ қызының біреуін ғана жарым деп, қалғанын қарындасым  деп танысын.
  2. Әр қазақ жігітінің шаңырағында 10 бала өссін.
  3. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Әрбір қазақ азаматы ұлы мен қызын орыс мектебі мен балабақшасына бермесін.
  4. Қазақ жігіті темекіден,  арақтан,  карта ойнаудан,  жеңілтек қыздар-мен қыдырудан,түнгі клубтар мен дискотекадан,казинодан,  бил-лиардтан түбегейлі тыйылсын.
  5. Студент қазақ жігіттері бірінші курстың жігіттерін туған інім деп қарап, қыздарына туған қарындасындай пана болсын.
  6. Әр қазақ жігіті жершілдік,рушылдық деген аурулардан айықсын.
  7. Қазақ жігіті ерте тұрып сабағына уақтылы келуі тиіс. Университет мұғалімдерін құрметтеп, тапсырмаларын сөзсіз орындасын.
  8. Қазақ жігіті базарда  арба сүйреуді, құрылыста кірпіш тасуды, көше сыпыруды, қарауыл болуды ар санасын. Баспаналы, машиналы болуға ұмтылсын.