Қазіргі қазақ әдебиетіндегі сатираның жағдайы

Қазақ әдебиетінде шынайылық, астарлы, салмақты әзіл мен халық шындығын, қоғам бейнесін жеткізіе отырып, ұлттық наным-сеніммен, ата салтымызбен, даналық-даралық ерекшеліктер мен тіл, сөз өнерінің ерекше сипатын қалдырып кеткен сатира өнерінің қазіргі заманауи өнерден шеттетілгені рас. Сатира да әзіл емес шындық, факт емес біз көзбен көрген тағдырлардың бейнесі бар. Бұл өнер ұлттың болмысы, мәдениеті, тарихы, көзқарасы, сенімі, тілі, көркемдігі, әдебиеті, мәдениетінің бейнесі.

Сатира – халқын сүйген, оның болашағына алаңдаған әлеуметшіл ақынның жамандықпен, жағымсыздықпен күрес құралы, өткір қаруы. Сатираға мінез керек.

Қазіргі сатира қоғам өмірінің қалтарыс-бұлтарысын, адам табиғаты мен мінез-құлқының ұңғыл-шұңғылын, көз шала бермейтін қия беткейін ашып, аршып, көрсетіп беруге қауқарлы ма? Сатираның бет-бейнесі, бағыт-бағдары қаншалықты өзгерді? Қазіргі сатираның деңгейі қандай?

Қазақ тарихында сатираның басталуы өте ертеде. Оны қойғанда осынау тәуелсіздік алғаннан кейінгі сатира өнері де айтарлықтай дамыған. Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкіров, Сейіт Кенжеахметұлы, Қажытай Ілиясұлы, Темірбек Қожекеев, Ермахан Шайхыұлы, Көпен Әмірбек сынды сатира саңлақтары бізге жеткен өнердің һәм биік тұлғалары. Олар арзан әзілдің соңынан емес, қағытпа қалжыңның артынан емес, таза өнерді, әдебиетті, сөз көркемдегінің шеберлігін жеткізді. Олар сөз бостандығына емес, халық шындығы мен заңдылығына бағынды

Қазақ сатирасы, қазақ әзіл-оспақ өнері табиғи құндылықтарымен өте бай. Оқырман мен көрерменнің бүгінгі сатира әлемінен Қалтайдың қағытпа қалжыңын, Уайдиннің уытты тілін, Оспанханның осып түсер сарказмын, Шонаның шақпа әзілі, Көпеннің қағытпа қалжыңын, Мыңбай Рәштің сатиралық туындыларын іздеп жүргені жасырын емес.

  Иә, халық күлсе соның мысы басым деген сөздің бары рас. Бірақ, бұл ұлттық өнер. Ұлттық өнердің биігі түспеу керек. Оның маңызды қай заманда да жоғары. Қазір дамыған коғамға, бұл өнер аса қажет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і
Журналистика факультетінің
3-курс студенті Ибрахим Бірлік
етекшісі: Рушанова Н.Б., аға оқытушы

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

1. Қазақстан жазушыларының ІІІ съезі, 1956, 68-б.
2. Қожакеев Т. Сатира негіздері. Оқулық.- Алматы, «Санат», 1996.- 464 б.



Бөлісу: