Дәстүрлі және электронды БАҚ-ның ертеңі қалай болмақ?

Қоғам әрқашан қарқынды даму үстінде. Технология, өнеркәсіп, білім, экономика және т.б.. Ал дамушы қоғамның азаматы әлбетте жаңа технологияны, өзгерісті қалап тұратыны айқын. Бұрын керемет болып көрінгендер, уақыт өте қарапайымға  айналып келеді. Сәйкесінше, әлемді ақпаратпен қамтамасыз етуші сала БАҚ-да назардан тыс қалмақ емес.

Бүгінгі күні ақпаратта, оны таратушылар да көп. Себебі, алғашқы кезеңдерде ақпараттың жалғыз көзі тек газет-журналдар, апталық басылымдар еді. Кейін келе көгілдір экран арқылы таратылатын ақпараттар басымдыққа ие болды. Сол кездегі жағдайды салыстырып қарайтын болсақ, тек газет-журнал арқылы ақпарат алған қоғам үшін экран жаңалықтары жаңа дүние, яғни электронды БАҚ-ның айырықша көрінісі болды. Уақыт өте интернет ресурстары алысты-жақын етіп, ақпарат алмасуды одан әрі жеделдете түсті. Блогосфера қарқынды дамып, ендігі кезекте ақпаратты тек журналисттер емес, оқырман саны жоғары жеке тұлғаларда ақпарат тарату мүмкіндігіне ие. Оқиға орнынан хабар беріп, қандай да бір қиын жағдайға түскен адамдармен байланыс орнатып, оларға өз аудиториясымен бірге көмек қолын созып жүр. Сонымен қатар, аталмыш салада аудиториямен кері байланыс артқанын көруге болады. Фейк ақпараттарсыз, шындыққа құрылған жағдайда мұның қоғам үшін пайдасы зор болмақ. Алайда, кез-келген фейк ақпараттың, бүгінде ең алдымен әлеуметтік желі арқылы бейне немесе фотоны қолданып тарататынын ұмытпаған жөн.

Блогосфераны электронды журналистиканың бір саласы деуге болады ма? Егер, жеке тұлғаның ақпарттық салада жинаған білім қоры бар болса және айтылған ақпарат шындық болса әлбетте журналистиканың бір саласы бола алады. Себебі, журналистика түр мен типтерге, салаларға бөлінгеніне қарамастан мақсаты бір. Журналистика–қоғамды шынайы, сапалы, жедел әрі айшықты ақпараттармен қамтамасыз етуші сала.

Ендігі кезекте электронды журналистиканың құрылымы болатын тағы да басқа құрылымдарға тоқталсақ. Бүгінгі күні газет оқуға уақыт табатын оқырмандар саны азайып барады. Көбіне газет оқығаннан, ұялы телефондағы бірнеше секундтық бейнелер арқылы ақпаратпен танысқан жеңіл көрінеді. Осы орайда, әрбір газет әлеуметтік желіден жеке сайттарын ашты. Қысқа ақпарат, сұхбатты сол жерден-ақ қарауға мүмкіндік бар. Яғни, электронды журналистиканың тағы бір құрылымы басылымдар сайты. Тіпті керек десеңіз телеграм платформасы арқылы да телеарналардың жеке парақшасына тіркеліп қарай аласыз.

 Болашақта, дәстүрлі медиа болады ма? Жоғарыда атап өткенімдей бір кездері электронды БАҚ-ның көрінісі болған көгілдір экранның өзі бүгінгі күні дәстүрлі ақпараттық құрылым қатарына еніп келеді. Соның өзінде, газеттер жұмысын тоқтатпай жалғастырып тұр. Компьютерде сақталған ақпарат бір күні өшіп кетуі әбден мүмкін. Ал баспадан шыққан, қолмен ұстап көретін қағаздай дүние әркез құнды болып архивтік материал ретінде сақталып қала бермек. Бұл дегеніміз–масс-медиаға енген ақпараттық құрылымдар, алғашында электронды БАҚ-ның көрінісі болып, уақыт өте дәстүрлінің қатарын толықтырады деген сөз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і
Журналистика факультетінің
3-курс студенті Мади Анеля
Жетекшісі: Рушанова Н.Б., аға оқытушы



Бөлісу: