Толқынмен астасқан шығармашылық

Кацусика Хокусай-әйгілі жапон графигі, иллюстратор, ал Иван Айвазовский-орыс маринисі, теңіз көрінісінің шебері.Әлемге танымал осы екі бейнелеушінің полотноларыда жоғары бағаланып, қазіргі уақытқа дейін өз құндылығын жоғалта қоймаған. Осы бейнелеушілердің қай полотносы маған әсер етіп,шабытымды аша алды,не себепті тәнтті етті? Олар "Кангавадағы ұлы толқын" мен "9 балл". Бұл шедеврлерге жеке-жеке тоқталып өтпесек әбестік болар.

"Кангавадағы ұлы толқын"-атты Кацусика Хокусайдың ең үздік үлгідегі, өмірінің соңғы кезеңдері жасаған шабытының шыңы деседе болады. Сан қилы түсінік тудыратын,тіпті жапондықтардың алтын сандықта жасырулы жұмбақтарынан құралған бұл көркем дүниеге өздігімізше баға берсек деген ой туды. Бұл туынды арқылы өзіміздің ойлау деңгейімізді, құбылыстарға қаншалықты зер салып көре алатнымызды аңғарамыз. Суретке алғаш қарағанда көзді еліктіріп кететін ең үлкен толқынды байқаймыз. Балықшылардың қайығысымен бірге өзіне тартып, өз жемтігін жеуге дайын жыртқыштар секілді. Көзге ерекше көрініс, бірақ ондағы балықшылар жайы өте нашар,өмір мен өлім арасындағы тартылыс. Өмір сүруге жанталаспен ескектерін ескен балықшылардың үрейі, үлкен толқынға қарап өрби түскендей. Көзге бірден түспейтін  таудың бейнесі қайықтағы жандарға, "тірі қалармыз, ол қар басқан тауғада жетерміз "- деген үміт пен күдік ұялатып тұрғандай. Дәл өмірде кездесетін жағдайлар секілді. Сенім мен күш-жігері бар жанға, күдік, жігерсіздік сынды қасиеттер келіп қайсы таразыда салмағы ауыр болары белгісіз. Бірі сенімсіздігінің жетегіне еріп, арман сатысынан құлдиласа, енді бірі өзінің жігері арқылы бір қадам алға жылжығандай. Міне бұл таумен балықшылардың байланысы. Ал аспанға қарар болсақ, "Ерекше талант пен тапқырлықтан туған керім дүние екен, бірақ аспанның жарық бейнесі толқындардың  әсерін жойған секілді"- деген дүние ойыма бірден оралды. Мен бұл теңіз көрінісінен мүмкін ашулық пен ызаны байқағым келген болар, шын мәнінде аспанның жарық болуының өзінде бір мән жатыр екен...

 Иван Айвазовскийдың  "9 балл" полотносы 1850 жылы салынған дүние. Әр бір қараған адам бұл суреттен өзіндік мотивация алады. Ең біріншіден осы полотно,  " Кангавадағы ұлы толықын"-ның жалғасы іспетті. Нақтылықпен ойымызды жеткізер болсақ. Бұл полотнодағы күннің жарқырып шуақ шашуы, дауылдың бітер шағын білдіріп тұрғандай. Бағанағы ашулы толқын,дәл қазір еркелеп, теңселіп, күннің шуағымен бірге нұрға бөленіп, өзіндік шынайы болмысын көрсеткендей. Айнала  аласапран емес,тыныштықтың лебін білдіріп тұр. Аспанның солғын тартып дауылмен бірге ызалануға дайын түрін емес,жарықырап, әсемдік беріп тұрғандай. Ал кеменің бір бөлігіне жабысқан алты жан қуанарын не өкінерін білмей тұрған секілді. Яғни кемеге бірге отырған топ адамнан  алты жүректің соғып тұруы жан толқытпай қайтсін? Бірақ өздерінің ерік жігерімен, өмірге құлшынысы, өзіндік сенімдері арқылы мотивация алғандары осы көріністі бақылаған адамға аян. Таразыдағы бағанағы қорқыныш,үрей, сенімсіздік емес, сенім мен сабырлықтың жеңгеніне сөзсіз дәлел. Иә, бұл көрініс адамға ерекше ой тастайды, адамның ішкі дүниесі,арманын айқындап, мақсатын зерделеп сенімсіздік атаулыны жеңері сөзсіз екенін аңғартады.

 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтірер болсақ осы екі түрлі әлемнің екі жерінен туған полотно бір-бірімен үндесіп, бірінің ойын, бірі айқындап өзіндік анықтама беріп тұр. Яғни адам баласы ұлы дауылдан, өмірдің ұшы-қиыры жоқ толықынына әр уақытта кездеседі. Бірақ маңыздысы ол толқынға жолығу емес, ол толқыннан өтуге сенің сенімің мен мақсатыңның қаншалықты жоғары екендігі. Сол себепті әр уақытта кеменің желкенін мықтылап тұрғызып,  оның бағытын дұрыстап анықтап, алдыға қарай аяңдай арманың мен мақсатыңа адал болу қажет!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультетінің 3-курс студенті
Тынышбек Даниза

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б. Рушанова



Бөлісу: