ҚазҰУ магистранттары шетелдік тағлымдамадан өтуде

ҚазҰУ магистранттары шетелдік тағлымдамадан өтуде
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қолданбалы қазақ тілі» мамандығының 2-курс магистранттары  ғылыми тағылымдамадан Ыстамбұл университетінде өтіп жатыр. Шетелдік тағылымдаманың  магистранттарымызға берері мол болды. Ыстамбұл университетіндегі профессор Abdukadır Emeksız-дің жетекшілігімен дәрістерге қатысып, университетпен танысты. Диссертациялық жұмыстарының  тақырыбын талдап, қандай материалдарды қарастыра алатынына бағыт көрсетті. Білім орнындағы кітапханамен танысып, дерек көздерін  қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде іздеді.  Картографиямен  жұмыс жасап, ғаламтордағы ақпараттар легіне де көз жүгіртті.

Университет кітапханасының кітап қоры бір миллион төрт жүз мыңнан асады. Университетте алпыстан астам зерттеу орталығы, екі көркем галереясы және кітап дүкені бар. Оқу бағдарламаларының арасында базалық курстар, диплом алу бағдарламалары, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантура бар.

Университет жақсы білім беруге бағытталған. Мұнда студенттердің шығармашылық және ғылыми ізденістері үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Барлық пәндер, жоспарлар мен сабақ бағдарламалары заманауи нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру мақсатында жасалған. Университет бағдарламалары модульдік негізде жасалады. Бұл студенттер үшін өте ыңғайлы болды.

Қаланың архитектурасы мен елдің мәдениетімен де  танысты. Мұражайларға, цистерналарға барып, көрді.

Дәріс барысында  білім беру процесін ұйымдастыру ерекшелігіне де мән берді. Профессор мен оқытушылардың педагогикалық шеберліктері мен ғылыми  біліктілігі  жоғары деңгейде екені байқалды. Дәріс барысында екі ел арасындағы  достық, туыстық қатынас туралы сөз қозғалды.

Ғылыми тағылымдамадан шетелде өту біздің магистранттарға  үлкен тәжірибе болды. Білім көкжиегін  кеңейтіп, жаңа  ақпаратты игеріп келеді деген үміттеміз.

А.Байтұрсынұлы атындағы
Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары                                   
Әміров Әбдібек, Игиликова Сымбат, Жүзбаева Арай