Алматылықтар кептелістен шаршады

       Бүгінгі таңда еліміздің екінші мегаполисіне айналған Алматы арманшыл жастардың панасына айналды. Күн санап қала тұрғындары мен сырттан келушілер саны артып барады. Бұл қаланың ішіндегі үлкен хаосқа әкеліп соғуда. Демек, бұл қаптаған көліктер мен адам қозғалысын жиілете түсті.
Алматылық тұрғындардың шағымы көбеймесе, азаяр емес. Таңнан кешке дейін үзілмейтін кептеліс адамдардың ашуына тиюде. Адам басына шаққанда 2228,5 мың халыққа тиісті неше көлік бар? Оқуы мен жұмысына асыққан тұрғындардың көпшілігі бұл кептеліске кінәлі жолдардың ыңғайсыздығы десе, ал біреуі жүргізушілердің сауатсыздығынан дейді. Күнделікті 10 баллдық кептелісте тұру үйреншікті нәрсеге айналған сияқты. Демалыс күндері ғана қала іші бір тыныстап алатындай. Кептелістің сапасына қарай такси бағасы да шарықтап өсе келеді. Сонда бұл алматылықтар үшін қашанға дейін жалғаса бермек?
       20 жастағы Фариза есімді көлік жүргізушісі: «Ең алдымен ойға келетіні неге кептеліс әсіресе Алматыда көп болады. Бәлкім, сырттан келушілер Алматының табиғатына қызығады, не болмаса жұмыстың қамымен тіршілік жасап жүр. Соңғы жылдары шетелдік азаматтар Алматының оқу орындарын түгел дерлік басып алды. Бұл сонда еліміздің экономикасын арттыра ма, әлде кептелістің күшін арттыра ма? Халықтың жағдайына бір үңілетін билік органдары жұмыс істеп бастаса, осындай кептеліс болмас еді ғой» дейді.
        Алматылықтардың шағымын естірту үшін қандай күш жұмылдыру керек екені белгісіз. Қала ішіндегі келеңсіздіктер үшін кім жауап береді? Кептелісте тұру тек қарапайым халыққа ғана тиісті ме? Бір шешімге жету үшін Алматы тұрғындары тарапынан барынша сабырлық пен тиянақтылық қажет.



Бөлісу: