Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ

ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ

ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ

 

ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ

Басқан iзiм бағулы, телефоным тыңдаулы,

Бiздi жау ғып шығарды тапсырмалы бiр қаулы.

Телеарналар табалап, интернеттер абалап,

Басты ермегi бiз болып, жатыр тынбай жалалап.

Ұстап жүндей түткелi,басымды отқа үйткелi,

Күнi-түнi ториды НКВД иттерi.

“Хаттап” жатыр данамды,соттап жатыр бабамды,

Тереземнiң iш жағы топастүнек қараңғы.

Тiлiп жатыр төрiмдi,қазып жатыр көрiмдi,

Сүйегiмдi қымтаймын тартып жыртық кебiндi.

“Бұл да Хақтың сынағы...” дейдi iнiшек қулығы аз,

Тұншықтырып, басына кигiзгенше улы газ!

Гүрзiленiп жендет тұр жүндiбiлек, жыланбет:

“Қылмысыңды айтпасаң, дубинканытығам!..” деп...

Илеп алған қоғамды басқа пиғыл, басқа күй,

Анасына жете алмай торға ұмтылад жас сәби!

Жендет-қазақ ойланбас:“Бұл iс басқа түсер” деп,

“Ота” жасап өлтiред қол-аяқты кiсендеп!..

Қызыл тiлмен қазылып қойған екен сiздiң көр,

Тығып тастап түрмеге:“осы, – дейдi, – бiздiң жол!..”

Қасиеттi отанда күнiн кештiм үндiстiң,

Ордасына айналды ол – КҮЛЛIӘЛЕМИ ҚЫЛМЫСТЫҢ!..

Кие қонған жерiмдi “жуындырмақ” қанменен

Улы уахабтар “құқығы” қорғалды онда –  “заңменен”!

Мұз көзiмен барлайды “құраншылдың” көкесi,

Қызыл тiлiн жалдайды ұраншылдың “бөпесi”.

Телеарнашыл “молда”-“ақын”, “мәжiлiсшiл” әншi уахаб,

Партияшыл “ханзада” “қажылықпен” жамсатад!

Жарып барад мұрынын насыбайлы шақшасы,

Сарып барад! – Саудтың басыбайлы ақшасы!

Ұл-қызымды ендiрген қара құзғын сипатқа,

Жалғызымды көндiрген жателдегi “жиһадқа”;

Өлiлерден ән ұрлап, Тiрiлерден ар ұрлап,

Дүм терiсi жұқарып, бет терiсi қалыңдап;

Қасиет пен Киенiң қалдырмауға түк құнын,

“Пәтуасын” шығартып пәтуасыз мүптiнiң;

Мүрделенген әскерi Отаныма оқ атқан,

Бар қазақи кеспiрiн Iбiлiске тонатқан –

Солар едi! – Мен емес! –Ауды маған жазасы,

Қарамаңдай қазақтың аз болғандай қазасы!..

Жау жасамақ бiздерден – қосақтамақ шиғаға,

Аты – “Ақиқат”, алайда заты алапес “кинода”!..

Не деп тұрсың, сот-тақсыр, дәлелiң мен фактiң жоқ,

Қатты адастың, сен маған: “Отаныңды саттың!..” деп.

Шын отанын сатқандар төрiңде отыр оталап,

Тәуелсiздiк тойымен құттықтасып – бокал ап!..

Отан үшiн от жұттым, – Торға тығып тептiң кеп,

Барлық тапқан айыбың:“Хақты зiкiр еттiң...” деп!..

Ей, алаштың баласы, құл болыпсың малғұнға,

Ойланбайсың, менiң де Сот бар-ау деп алдымда!

Ойландырмай тұр сенi жау жұтқызған арам жем,

Қандай ауыр қаза едi – Қоңсы қону хараммен?!

Арқамызда бiздердiң қосылды ақыр “санатқа”,

Жезөкше мен нашақор шығарды үкiм “фанатқа”!..

Тескiзбеуге түнектi, шешкiзбеуге бiлектi,

Таптар Тажал тақасы қызылшақа ЖҮРЕКТI!

Қызыл екен ол Жүрек – АТАР ТАҢНЫҢ ТҮСIНДЕЙ,

Тапталса да жатыр ОЛ көзге шөңге түсiрмей!.

Ол жүрекке теңесер түнде жанған от қана,

Ал жендеттiң кеудесi тақа сынды қап-қара!

Бiз жанамыз лапылдап – Шындық қолды шешкенше,

Барлық қара пәлекет жер-ғаламнан өшкенше!

Барлық жерде бармыз бiз, барлық шынға зармыз бiз,

Ашық күнде алапат зорлықты артқан нармыз бiз.

Талқан болып арқамыз, бар қайғыны тартамыз,

Осы жолда өлемiз – қалмаса да жаңқамыз!

Осы ЖОЛДА қалады қан-қан болған қаңқамыз,

Осы ХӘЛДI табады ақиқатшыл аңқамыз!..

Бiзде түк жоқ, керексе нанға жұмсар ақшамыз,

Құм түседi қос уыс – Қалтамызды қақсаңыз!..

Бiз Тажалдың ешқашан көне алмаймыз тезiне,

Қос уыс құм Сұмдықтың құйылғанша көзiне!..

Жалғыз Бақыт бар бiзде! – Соны ойласам нұр құштым:

Ордасында жоқпыз Бiз – КҮЛЛIӘЛЕМИ ҚЫЛМЫСТЫҢ!!!

Светқали Нұржан

1224 4
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 07 қазан 2012, 00:10
Тегтер: ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ
Пікірлер
+0
07 қазан 2012, 00:17

денем тітіркеніп кетті...

+0
07 қазан 2012, 01:15

Нагыз патриоттын созi!

+0
07 қазан 2012, 19:36

жылағым кеп кеттіғой :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев