Арман мен мақсат???

Арман мен мақсат???
жеке
блог

Мен мына жазбаны 2008 жылдың 15 қазанында жазыппын:

Осы екі сөздің мақсаттары бір-ау деймін шамасы?

        Иә, сонымен арман дегеніміз не? Мен үшін арман орындалмайтынтай биік, жеткізбейтіндей сағым сияқты деп ойлаймын. Бірақ кейінгі кезде армандаудан алшақтап бара жатқанымды ұқтым. Мүмкін кейінгі кезде сәттсіздіктерден кейін шығар. Өйткені маған утопиямен өмір сүресің деген айыптар тағылған соң да?

        Ал мақсат дегеніміз не? Мақсат алдыңа қойған ойың, мақсатың, себебің. Мақсат көбіне күнделікті өміріңе, қажеттіліктеріңе байланысты да болуы мүмкін. Мысалы оқу оқу, білмеген ортаңмен танысу, жоқ нәрсеңе қол жеткізу, үй алу, машина алу, семьяңды бағу, күйеуге шығу, балалы болу.

       Үй алу, машина алу, белгілі бір ортаның танымал адамы болу не жұлдыз болу- бұл не? Мақсатың  ба әлде арманың ба? Ал бұларды арман санауға бола ма? Шыныменде кейде осы армандарымыз бен мақсаттарымызды шатастырып алып жатамыз. Сонымен менің қолым жетпей жүрген арманым не?

Ал қазіргі ойым: 

Білесіз ба, қазір арман жайында не ойлайтынымды? Арман, ол уақыт өте келе өзгеріп, құбылып, түрленіп жаңарып тұратын нәрсе. Сенің ой-санаңмен, біліміңмен бірге құбылып отыратын өзгермелі материя. Мысалы, мен мына постты 2008 жылы жазғам, ол кезде 22 жасар қыздың арманы да, мақсаты да бөлек еді. Ал қазір 26 жасар қыз басқаны арман етеді, басқаны мақсат етеді…


Кейде екеуін шатастырып та жатамыз ау... Мақсатыңа жету үшін арманың әрқашанда биік болсын!