Медиадағы қауіп – қатерлер

Медиадағы қауіп – қатерлер
жеке
блог

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде белгілі. Демек, біз  журналист ретінде ақиқатты дәлелдемелер арқылы ашып көрсетуге құқығымыз бар. Тек журналистер ғана емес, куәгерлер де айғақтарын еркін түрде әлеуметтік желілерде ұсына алады. БАҚ туралы заңның 2-ші бабында цензураға тыйым салынады.
Мысалы, Алматыда, Ақкент ықшамауданында 1 тамыз күні 16 қабатты үйден өрт шыққан болатын. Адамдар сыртқа балаларын терезеден лақтырған бейнежазбалар әлеуметтік желілере таралды. Содан кейін телеарналарда жаңалықтарға да шыққан.  “Адырна” порталында жақында тұрғындарға 54-ші үйдің тұрғындары үйлеріне орналысқандығы туралы ақпарат тарады. Бұл цензураның болмағандығы мен халықтың бір-бірінің жағдайына юей-жай қарамайтындығының айқын көрінісі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, барлық журналистердің де еңбегі. Яғни, медиада журналистің міндеттері мен құқықтарын, және заңды біду маңызды.
 
Қазіргі кезде біз ең көп естейтін ұғымдардың бірі ол медиамәдениет. Медиамәдениет дегеніміз қoғaмның индycтpиaлды дaмy caтыcынaн жaңa өpкeниeттiк өрлеу сатысына өтy үрдісі. Ол адам өмірін барынша қарапайым қылуда және инновациялық мүмкіншіліктердің жаңа әлемін ашуда таптырмас құрал болып табылады.

Бүгінгі күнде ақпарат құралдарының адам өміріндегі маңыздылығы соншалық, яғни басым бөлігі медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған» қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Қазіргі пандемияға байланысты тіпті де бұл ақпарат көздерінсіз өмірімізді елестете де алмайтын күйге жеттік. Себебі бұл ақпараттық құралдар арқылы әлемдегі, айналамыздағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, қашықтықтан оқыту, жұмыс істеу  барысында жүгініп отырмыз. Ақпараттық қоғам адамның тұрмыс тіршілігіне ғана емес, оның сана-сезіміне, таным-көкжиегіне, рухани өміріне, қоғамдық пікірдің қалыптасуында өзіндік әсерін тигізеді. Осы жерде атап өтетеін ең маңызды фактор ол ақпарат құралдарының дәлдігі, ақиқаттылығы әрі нақтылығы.

Адамзат медиамәдениет аясында өмір сүргендіктен, оның әсеріне түсе келе тұлғалық дамуға жол ашып, белгілі бір өлшемде дами түседі. Ол кемелдену тұлғаның өзіне ғана емес, еліміздің көркеюіне де өз әсерін тигізеді. Ал жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамның дамуына жаңа беттерді аша түсті. Технологиялардың әсерінен қол еңбегі aзaйып, бірқaлыпты білім процессі қысқaрды. Бұл ақпараттық құралдар, жаңа технологиялар адамның тұрмыс-тіршілігін біршама жеңілдетті. Алайда тиынның екі жағы болады демекші, ақпараттық техниканың да осал тұстары, яғни адам өміріне кері әсерін тигізетін жақтары бар. Біріншіден, ол адамдардың интеллектуалды күйіне тиізер әсері. Осы жайлы,орыс философы әрі жазушысы Зиновьев былай тұжырымдайды. “Ақпaрaттық технологиялaрды жaппaй енгізу позитивті сaлдaрғa aпaрмaйды: «Жaсaнды интеллект aдaмның тaбиғи интеллек-туaлды дaмуынa кедергі жaсaйды» Адaмдaр өзaрa aлмaсaтын aқпaрaттaрдың мaзмұндық сaпaсынa нaзaр aудaрсaқ, жaртысынaн көбі мәнсіз. Осығaн орaй, aдaмдaрдың өзaрa сұхбaт құруынa зaуқы соқпaйды.”,-деп жаңа технологиялардың адамдарың интеллектуалды деңгейіне ғана емес, сондай-ақ өзара коммуникативті қарым- қатынасына да тигізер кері әсерін атап өтеді.
 
Рахымберлинова Жанел
4-курс студенті