Аяқтарыңыз әдемі болуы үшін не істеу қажет?

Аяқтарыңыз әдемі болуы үшін не істеу қажет?
жеке
блог

Егер купальник немесе мини юбка киер кезде аяқтарыңыз тегіс болмаса, қызарып угри сияқты бөрітіп кетсе, комедондар болса, онда қорықпаңыз!!! Мұның шешімі оп-аңай! Бірінше кезекте, аяғыңызға қандай материалдан жасалған киім киіп жүрсіз? Синтетикалық болса, онда олардан құтылғаныңыз жөн, өйткені аяқ теріңіз дем алып тұруы қажет. Мүмкіндігінше аяғыңызға мақтадан және жүннен жасалған киімдер, копрондар, іш киімдер және мини юбкалар кигеніңіз дұрыс.

Екінші кезекте, аяғыңыздың санын(бедра) комедондардан тазалау қажет. Егер де қымбат салондарға жағдайыңыз келсе, онда мұндай проблемадан өте тез құтылар едіңіз. Ал, егер жағдайыңыз келмесе қорықпаңыз, бұған тек біраз қосымша уақытыңыз ғана қажет болады: аптасына екі рет моншаға барып тұруға тырысыңыз, ыстық монша(пар) сан аяғыңыздың(бедра)  кірін кетіріп, жұмсартады, сонымен қатар, оған пилинг жағу қажет. Үйде істесеңіз, тұзды пилингте жарайды, өйткені тұз тер шығартып, тердің дем алатын бітеу тесіктерін ашады. Әсіресе, аптекаларда сатылатын «Өлі теңіздің топырағы» өте пайдалы болар еді. Сосын бәрін шайып, теріге арналған скраб қолданыңыз.

Бәрінен де ТҮРІК моншасы өте өте керемет болар еді. Бір рет барғаннан аяқ теріңіздегі(бедра) кез келген проблеманы ұмытуға болады. Тіпті аяқ теріңізге(бедра) крем жақпай-ақ қойсаңызда болады, теріңіз түрік моншасынан кейін өз жұмсақтығын бірнеше күн жоғалтпайды.

 Көбінесе кез келге моншадан кейін аяқ терініңізге(бедра) табиғи топырақтар мен бал өнімдерін жаққан пайдалы: тері витаминдер, минералдар мен табиғи органикалық қышқылдарды жақсы көреді. Бірнеше ай осындай процедурадан кейін, сіздің аяқғыңыз(бедра) танымастай  жалтырайтын болады. Тек мұны тастамау қажет, егер тастап кетсеңіз, онда мұндай проблемалар қайтадан қайтып келуі мүмкін.

Бәрін ұқтыңыз ба? Ал, онда іске кірісіңіз! Әр уақытта әдемі болып жүріңіз....