Қара шаңырақты сатпайды, естеріңде болсын

Өзі де, жері де қымбат ауданда бұрыннан тұратын бір ағам бар (туыстай болып кеткен). Үйі төрт бөлмелі, шағын. "Тоқсаныншы жылдары өзім салдым, адам тұратындай, артық әспеттеу жоқ. Берекелі үй",-дейді. Алдында басқа жаққа үлкен үй салып көшіп кеткен бұрынғы көршісінің үйіне барып келді. Айтуынша екі қабатты үлкен үй. Бірақ ағамның бұрынғы көршісі үйіндегі анасы мен туған інісіне қуықтай бір бөлмені беріпті. Соны байқап қалған ағама шәй батпаған ғой, үйге келіп шәй ішкендегі әңгімесі ғой. Өсек емес, тәрбие деп ойлаймын. Балаларында бір-бір бөлме. Даңғарадай үйде анасын төбесіне көтеріп отырмай ма дейді? Інісі үйленбесе адам құрлы көрмей ме, бауыры емес пе деп... Екінші бір көршісі үлкендеу жер алып, үлкен үй салам деп көшіп кетіпті. Артынан қайтыс болыпты. "Жағдайың болса сал. Қадағала. Басы-қасында жүр. Болмаса бар үйіңде отыра бер. Су шықты ма? Бізде өмір бойы үй алам, үй салам деп жанталасып, ақыр соңында салған үйінің қызығын да көрмей өліп қалады. Мына үйді сатпа дедім. Себебі, қара шаңырақ еді. Қарашаңырақты сатуға болмайды, естеріңде болсын",- деді.

#естігендерімнен

Жазба иесі – Эльенора Әмір



Бөлісу: