ЖАМАН ӘДЕТ ЖАҚСЫ АТ ӘПЕРМЕЙДІ

Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп, бұзақылық жасап тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты.«Мені болар-болмас нарсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» - деп, томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды», - деп ескерткен екен.

Жай уақытта көпшілік аса мән бере бермейтін дағдының, адам өмірінде алар орны ерекше. «Сынықтан басканың бәрі жугады» демекші, адам - оз ортасына тез бейімделгіш, көрген жарымды-жарымсыз касиеттерді бойына тез жұқтырып алатын болмыс. Осы орайда, әсіресе жағымсыз әдеттің адамға кері әсері мен одан қалай арылудың жолдарын сөз ету әңгіме етуге тұрарлық мәселе.

Жаман әдет деген не?

Жаман әдет дегеніміз - сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, адамның жеке басына (денсаулығына, беделіне т.б.) кері әсерін тигізетін, жиі қайталанатын, соңы көп жағдайда зор өкінішке ұласатын аса жағымсыз қылықтар.

Нашар әдеттің нашарлығы неде?

Нашар дағды - тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің көрінісі.Ол - адамның абыройын төгіп, көп жерде ұятқа қалдырады.Баскалардың өзінен бойды аулақ салып, жиіркене қарауына себеп. Айталық, үнемі өтірік айтатын адамның шын сөзіне де халық күмәнмен қарап, сенбейтін болады. Аузы балағат сөзге үйренген адам да сыртқа өз тәрбиесіздігін байқатады.

Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?

Жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге ғана еліктеуге дағдыланған жөн. Жаман әдетті бастапқыда оңай бастағанмен,соңында одан оңай құтыла алмайтынын ескеру керек.

Сөзіміздің тобықтай түйіні «жаксыдан үйреніп,жаманнан жирену». Өйткені дағды - адам баласына жаксы қасиеттерді үлгі етіп, бойына сіңіру үшін берілген қасиет.



Бөлісу: