Қазақ өнеріне құрмет деп білемін

Қазақ өнеріне құрмет деп білемін
жеке
блог

Ассалаумағалейкум, асыл достар, бауырлар!

Шынымды айтсам, күйбең тірлікпен ғаламтор беттерін ақтаратын уақыт болмай кетеді. Әйтеуір, реті келіп, "Massaget.kz" отауына бас сұғып отырмын. Анда-санда бас сұққанымды айып етпеңіздер, бауырлар!

Бүгін таңертеңнен бері әріптестерім, дос-жарандарым хабарласып, хат жазып, "Кәсіби мерекеңізбен!" деп құттықтап, жақсы тілектер жаудырып жатыр. Басында аса ұға бермедім. Кейін күнтізбемізге тағы бір мерекенің қосылғанын ұқтым. Жаным жылып, іштей қуанып қалдым! 

Биыл мәдениетімізге үлкен назар аударылды, өнер майталмандарының еңбектері бағаланып жатыр. Соның бірі бір дәлелі бүгінгі күн! Бұл қазақ өнеріне деген ерекше құрмет!

Айналайын, өнердегі әріптестерім! Баршаңызға тек қана сәттіліктер тілеймін! Қалың қазағымыз аман болып,  әрдайым өнерімізге сүйсініп, шапалақпен шабыт бере берсін! Қазақ сахнасындағы жаңа есімдер кеңінен танылып, жаңа әндер, жаңа шығармалардың саны артсын! 

Алланың нұры жаусын! Әр шаңыраққа шапағат сәулесі төгіле берсін!

Игі тілекпен, Нұрлан Албан