"Динамо" кубогын "Қаламгер" командасы жеңіп алды

Алматыдағы Динамо стадионында шағын футболдан тартысты бір тамаша турнир болып өтті. Жарыстың салтанатты ашылуы болып өткеннен кейін, 6 команда екі топқа бөлініп екі алаңда ойындарын қызу бастап кетті.

"А" тобында "Қаламгер"," Қаз радио", "Динамо ардагерлері" алаңға шықса, "Б" тобында "Қазақстан ұлттық арнасы", "Алатау ақпарат" және "ҚР Ішкі істер академиясы" командалары тартысты ойындарын өткізді. Полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері мерекесіне орай Динамо кубогі үшін өткен додалы футбол жарысында біздің "Қаламгер" командасы топжарып бас жүлдені жеңіп алды.

Финалда "ҚР Ішкі істер академиясының" командасына қарсы ойнап, "Қаламгер" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Динамо кубогі барлық қарсыластарын ірі есеппен жеңген "Қаламгер" командасына табыс етілді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің үздік сұрмергені атаға алла бұйыртып 10 гол соққан менің қанжығама байланды.

Өткен жылы осы турнирдің күміс жүлдегері атанып едік. Биыл алтын жүлдесі бұйырған екен. Аллаға мың шүкір дейміз. Туринирдің жүлделі екінші орнын"ҚР Ішкі істер академиясы" иеленсе, қола жүлде Динамоның ардагер спортшыларына табыс етілді. "Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді" -демекші, ардагерлер өте тәжірбиелі сақа футболшылардан құралған еді. Аралаларында кезінде "Қайрат" секілді әйгілі команданың жидесін киген Арғымбаев сынды саңылақтарда бар. Бұл турнирде өзгеден ерекше ардагерлерге қарсы ойнау өте қиын соқты. Дегеніменде 4:2 есебімен жеңіске жеткен едік. Ал, сол Динамоның ардагерлер құрамасы Қазақстан Ұлтық арнасының командасымен 3 орын үшін кездесіп, ойынның негізгі уақытында 3:3 есебімен тең түсіп, пенальтиден ардагерлердің асығы алшысын түсті. Сөйтіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

"Қаламгер" командасының сапында тамаша ойын көрсеткен футбол ардагері Ерлан Амиров, Ғалым, Ерлан, Ақмар, Абылай, Мақсат сынды арыны мықты, шабысы ерек ойыншыларға жанкүйрелер қол соғып қошамет көрсетіп отырды. Жұмылған жұдырықтай ынтымақ бірлігі жарасқан команда әрқашанда жеңіске жетері анық.Бұл жолы дәл солай болды.Команда бір қолдың саласындай әдемі ойын өрнегін көрсеті білді. Алла осындай жеңісті күндерді көп қылсын! Қатысушылар осындай тартымды да тартысты жарысты ұйымдастырушы "Динамо" спорт қоғамы мен елге танымал ардагер спорт журналисі Әлім Анапиянов ағамызға шексіз рахмет айтып жатты. "Спорт денсаулық кепілі"-демекші, футбол ойнап жүгіріп, өмір қозғалысында болғанға не жетсін!.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ



Бөлісу: