Үй тирандары неге жауапқа тартылмайды ?

 Зорлық-зомбылық әйелдерді қоғамға толық қатысудан айырады және әйелдердің отбасыларына, қауымдастықтарына және елдеріне ұзақ мерзімді теріс әсер етеді.  Гендерлік негіздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі, сондай-ақ дәстүрлі патриархалдық нормалар мен стереотиптер Қазақстандағы гендерлік теңдікке кедергі келтіреді.    «Зорлық-зомбылық» туралы кеңейтілген түсінік тек тікелей «мінез-құлық» зорлық-зомбылықты ғана емес, сонымен қатар құрылымдық зорлық-зомбылықты да қамтиды, көбінесе бейсаналық.  Құрылымдық зорлық-зомбылық әділетсіз және тең емес әлеуметтік және экономикалық құрылымдардың нәтижесі болып табылады және, мысалы, кедейлік пен барлық түрдегі жоқшылықта көрінеді.
    Осыған мысал : көптеген  балалар өз үйінде, әдетте, ата-аналар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.  Мұндай зорлық-зомбылық балалардың өмір бойы сезімдеріне, дамуына және басқалармен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін.  Отбасында әйелге қатысты зорлық-зомбылық қолданылса, ол көбінесе балаларға да жасалады.
 Үйде балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау үшін ата-аналар, өгей шешелер, өгей ата-аналар, аға-інілері, туыстары және балалардың басқа да қамқоршылары жауапты болуы мүмкін.Ляззатқа жасағанын өзге қызға жасамасына кім кепіл? Мұндай қатігездікті басынан өткізген кейбір  азаматшалар үнсіз қалып жатады.Себебі, артық әңгімеден аулақ болғысы келеді. Алайда  мұндай  әрекеттерге шара қолданбаса тоқтау қиын болады.
    Қазақстанда зорлық зомбылыққа қарсы заң талаптары бар. Алайда оны елеп, ескеріп жатқандар аз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен адамды он күнге қамау немесе айыппұл төлету оң әсер бермей отырғандығыннан пайда жоқ. Сонымен қатар, учаскелік инспектор тарапынан жәбірленушіні қорғау мақсатында жедел ұйғарым енгізуге құқы жоқ болуы қылмыстың алдын алуға мүмкіндік бермеуде екен. Әсіресе, бұл алыс аудандарда кең етек алуда көрінеді. 1981 жылдан бастап әлем бойынша белсенді әйелдер 25 қараша зорлық – зомбылыққа қарсы күнді атап өте бастаған. Ал БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылғы 17 желтоқсанда 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық зомбыллыққа қарсы күрестің халықаралық күні деп жариаланды.Бұл күні мемлеккеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлеккеттік емес ұйымдарға қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізіледі.
 Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Тұрмыстағы зорлық – зомбылық мәселсесін  дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бүгінгі күні бұл құбылысты тоқтату жолдарын заң және қоғам шешуге тырысуда. Ішкі істер министрлігінде 2022 жылдың басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мың хабарлама тіркелді. Шағымдардың басым бөлігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді. Оның 60%-ы бойынша полиция шара қолдана алмады, өйткені жәбірленушілер сол жерде өтініш беруден бас тартқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкерлері шағымсыз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Яғни, әрбір жәбірленуші қол жұмсау әрекетінің алдын алып, құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Осылайша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың тұтанып кетпеуіне жол бермей, алдын алуға болады.Жыл басынан бері 35 мың әкімшілік хаттама жасалды.
    Жалпы, біз әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейінің төмендегенін байқамаймыз.  Бірақ мен менімше , күнделікті өмірде әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылықпен күресте нақты ілгерілеушілік бар.  Бұл, ең алдымен, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу үшін, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жыныстық қудалауға және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға қатысты көптеген елдердің өте оң әлеуметтік стратегияларын енгізуімен байланысты.  Дегенмен, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қақтығыстар жағдайында және жанжалдан кейінгі жағдайларда өте кең таралған.
Ел аумағындағы құзырлы орындар қазір мемлекетті ешқандай зорлық-зомбылықсыз, жәбір-жапасыз, мәдениетті дамып келе жатқан өркениетті елдер қатарына қосу мақсатында аянбай еңбек етіп жатыр. Әйелдердің құқығын қорғау, олардың мүмкіндіктері мен өзін-өзі көрсету, дамыту қабілетін ашу мемлекеттің бүгінгі таңдағы атқарып жатқан негізгі қызметтерінің қатарында. Қазақстандық әйелдерді кемсітушіліктің, төмендетудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық  конвенциялардың ережелерін орындау барысы төңірегінде мемлекет халықаралық сарапшылардың оң бағасын алған. Сондықтан да, алдағы уақытта Қазақстанның зорлық-зомбылықсыз елдер көшбасында тұратыны анық. Дегенімен , бәрі өзімізге байланысты...



Бөлісу: