Мұғалім

Мұғалім
жеке
блог

Мұғалім сөзінің баламасы – ұстаз. Ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім. Ұстаз есімі көңілге қуаныш ұялатар ең қымбатты , ең ізгі сезімдермен байланысты . Өмірде алдымен кімді қадірлеп , қастерлейсің , кімді үлгі тұтасың десе , әрине мұғалімді дер едім. Себебі сенің жандүниенді түсіне білетін, алдыңғы өмірдің кедір-бұдыр соқпақ жолдарынан аман-есен сүрінбей өткеніңді тілейтін жан – ұстаз.   Мамандықтың бәрі жақсы десек те, мұғалімнің  орны алабөтен. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана.  «Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны мектеп» деп Л.Н.Толстой айтқан.

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» дегендей , біздер мұғалімдер , күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ , мұғалім мәртебесінің қандай болатыны айқын болады ғой?! Ұлылық пен дарқандықтан тамыр тартқан халқымыз «Білімдінің мыңды жығатынын» ежелден-ақ ескеріп, « Оқу-білім азығы білім-ырыс қазығы»  «Оқыған озар- оқымаған тозар» деген тағылымға толы өсиет беретін мұғалімдеріміз оқушылардың рухани өміріне ықпал ететіні анық. Сондықтан мұғалімнің алдынан өтпейтін еш мамандық иесі жоқ.