Қазақстанға білім алуға келген иорданиялық қыз

Хала Әл Тамими- қазіргі таңда Аль-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Стоматология факультетінің 4 курс студенті. Ол Сауд Арабиясы Эр-Рияд қаласында туып, өскен.

Иорданиялық қыздың айтуынша Қазақстанға оқуға түсу басты мақсаты болған. Себебі шетелде тұрып, сапалы білім алып, өзін қауіпсіз әрі жайлы сезіну өте маңызды. Қазақстанға оқуға келуі Тамимиге көптеген мүмкіндіктер сыйлады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдауға не түрткі болды?

Ең бірінші рейтингке мән бердім, бұл маған сапалы білім алатыныма сенімділік берді. Және Қазақстандағы достарым Қазұу таңда деп жол сілтеді. Университетім Қазақстанда беделді, танымал болғандықтан таныстарыма сол жерде оқып жатқанымды айтып мақтан тұтамын. Стомотологиялық студент ретінде мен негізгі кампуста,клиникада сабақтарыма қатысамын және  медициналық сабақтарды оқимын.

Менің ата-анам әрқашан менің армандарымды қолдайды және оларға жетуіме көмектеседі, тіпті егер бұл шетелде оқып,олардан алыс өмір сүруім керек болсада олар барлық ойымды құптайды.

Бала кезімде мен киім дизайнына қатты қызығушылық таныттым,бірақ мен орта мектепке барып, биологияны оқи бастағаннан кейін дизайнға мүлде ұқсамайтын нәрсені қалайтынымды түсіндім.

Мені адамдар әрқашан жақсы көрінуге және әрбір кемшіліктерін түзетуге тырысу қызықтыратынын түсіндім. Осы уақытқа дейін күлімсіреуін жасыратын көптеген адамдарды кездестірдім, мен бұрын солардың бірі едім. Бірақ мен әдемі күлімсіреудің кілті тістеріме күтім жасау керектігін түсіндім. Сондықтан мен тіс дәрігері боламын деп шештім. Басты қалауым пациенттерімді тіс ауруларынан қорғап қоймай,олардың күлімсіреуден ләззат алуына көмектесу.

Әл-Тамими үшін Қазақстанда оқу бастапқыда қиын болды. Университетте окыту тәсілі оның өз еліндегісінен мүлдем өзгеше.

– Тақырыптарға катысты кітаптарға суйенетін едім, бірақ бұл жерде біз зерттеуге(практика) көбірек мән береміз. Интернеттен тапқан ақпаратты ортаға салып талқылаймыз, тәжірбие жасаймыз.  Тағыда бір қиындықтардың бірі- тілдік кедергі. Бұл жергілікті адамдармен қарым-қатынасты киындатады. Біреу менімен сөйлескісі келгенде, олар қолдарын қозғап ойларын жеткізе бастайды , осы арқылы мен оларды түсінемін.. Жергілікті тұрғындармен арамызда қақпа болмау үшін орыс тілі курсына жазылдым. Содан соң қазақ тілін үйренемін деп үміттенемін.

Қазақстан жайлы:

Қазақстанның табиғатына ғашықпын. Әсіресе Алматыға алғаш келгенімде өзімді Еуропада жүргендей сезінетінімді айтқаным есімде. Барлық жер ертегідей-жасыл, ал таулардың көрінісі таңқалдырады. Себебі менің елімнің көп бөлігі құм, жасыл табиғат жоқ.

Жергілікті тұрғындар өте мейрімді қонақжай. Қазақ жерінің тарихиның түп тамырымен, дәстүрімен, тағамымен  таныс болдым.

Қазақтың ұлттық тағамдары Араб асханасына мүлде ұқсамайды. Мұндағы менің ең сүйікті тағамдарымның бірі-Құрт. Себебі ол ашытылған йогурт болып табылады. Дәмі біздің ұлттық тағамымыз Джәмидке ұқсас. Сонымен қатар Манты ұнайды. Бұл Арабтар білетін және жиі жейтін етпен толтырылған дәмді тұшпара. Бірақ мені қатты таңқалдырғаны- қазақтар жылқы жегенді ұнатады. Достарым жылқы жесең қыста тоңбайсын, деніңе қуат береді дегені есімде. Және жыл сайын Наурыз деген мерекелерін Жаңа жыл есебінде тойлайтынын жақсы білемін. ҚазҰУ бұл мерекені қазақтың дәстүрлі тағамдарын таратумен атап өтеді. Ал қазақтар болса өз дәстүрлі киімдерін киіп, билеп, ұлттық аспаптарымен күй орындайды. Қазақстанға аз уақыт ішінде сіңсіп кеттім- дейді Иорданиялық  Хала Әл-Тамими. 
 



Бөлісу: