Ақпараттық қоғамның ерекшелігі және діни эстетикалық өзгерістер

ХХІ ғасыр – дамыған ақпараттық – технологиялар заманы.Қазақстан осы көштен қалмай дүниежүзіндегі алпауыт елдермен қатар даму үстінде. Ақпараттық қоғам – яғни ,қазіргі уақыттағы сұранысқа ие көптеген әлеуметтік желілер, әрбір азаматтың қалтасынан табылатын ұялы байланыс құралдары. Дамыған елдердің қатарына еніп келе жатқан жаңа Қазақстанда – сіз бен біз бұл нәрселерден қалыс емеспіз. Дегенімен,жаңа ғасыр адамдары осы бір мүкіндіктерді дұрыс пайдалана алмай жатқандығын біз теріске шығара алмаймыз. Осы жерде мен осы ақпараттың қоғамның біздің діни көзғарасымыз бен дінлегі эстетикамызға қалай әсер етіп жатқанын сөз етпекпін.

Дін жалпы, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі . Дін адамдардың жеке сеніміне қатысты анықталғанымен,оның қоғамдағы алатын орны ерекше. Діннің қоғаммен , ғылыммен және дәстүрмен байланысы секілді кез – келген дінде «Эстетика»  ұғымы да ажырамас бір бөлік секілді.

Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.

Зайырлы Қазақстан 130 – дан астам  ұлт өкілдерінен тұрса, сол ұлттардың әрқайсысы әртүрлі дінді ұстанады.Демек,тұрақтылықты ,діни эстетикены сақтау үшін жастарға діни этиканы сақтауы,кез келген ұлтың дінін құрметтеуі тиіс. Жоғарыда атап өткенімдей , дамыған  ақпараттық қоғам үшін бұл өте маңызды. Әлеуметтік желілердің дамуы кейде осы эстетика,этика ұғымдарының құнын құлдыратып бара жатқанын біз жоққа шығара алмаймыз. Себебі , желілер арқылы  дәстүрлі дін мәселесі жөнінде көптеген бұрмалаушылар, жастарымызбен балаларымыздың санасын улап жатқаны шындық.Мысалы, бір ғана өз дініміз исламды бірнеше бағытқа бөліп ,кейінгі буынды шатастырып жатқаны. «Ана имам ананы айтыпты, жоқ мына имам мынаны айтыпты» деген  ойдан шығарылған ақпараттар дін эстетикасына көлеңкесін түсіруде.

Қорыта айтқанда, қазіргі қоғамның санасын сан жаққа жүгіртіп отырған , ақпараттық ағынды мәліметтерді електен өткізіп пайдаланған жөн. Дін мәселесіндегі эстетиканы біз сол кезде ғана дұрыс жолға қоя аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану мамандығы 2 курс Марат Балжан

Жетекшісі аға оқытушы Мұқан Нұрзат



Бөлісу: