Мотивация каналы

Мотивация каналы
жеке
блог

Есть мечта - оберегай ее.
Люди, которые чего-то не могут,
будут уверять что у тебя то же не выйдет.
Поставил цель - добейся и точка! (с) В погоне за счастьем

Біздің телеарналарды саралай отырып, жалпы бізде ғана емес пе, білмеймін, адамды алға жетелейтін, жетістікке жетуге ынталандыратын бағдарлама жоқтың қасы (Идея ұрлағыштарға алтын сырға!) Мысалы, жақында Уилл Смиттің қалай жетістікке жеткені жайлы монтаждалған бір бейнеролик қарадым. Өз сөзінде "Басқалар ұйықтап жатқанда мен жұмыс істеймін, басқалар тамақ ішіп жатқанда мен жұмыс істеймін" дегенді айтады. Бұл үлкен жетістікке жету үшін, мақсаттарыңа қол жеткізу үшін қажырлы еңбек ету керек дегенге саяды. Сонымен қатар, жақында "Wal-Mart" сауда белгісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның табысқа жету жолы жайлы әңгімесін оқыдым. Осындай кітаптарды, не бейнероликтерді көрген соң өзің де қанаттанып, қолыңнан көп нәрсе келетініңе сене бастайсың.

Біздің елімізде де үлкен жетістікке жеткен ер тұлғалар аз емес. Әзірге тек елбасымыздың кішкентай ауылдан шығып, бір елді басқаруға дейін жетістікке жеткені жайлы бейнефильмдер бар. Міне, сол үлкен азаматтарымыз немесе жетістікке жеткен жастарымыз жайлы кішкентай бейнеролик пе, әлде сұхбат негізінде жасалған бағдарламалар болса. Бұл жастарымызды шабыттандырып, оқуға, өз қабілеті мен өз күшіне сенуіне ықпал етер еді.

Қазіргі таңда жастар арасында жұмысқа тұру үшін, жалпы жетістікке жету үшін билікте көкең, не ағаң болу керек, ақшаң болу керек деген түсінік жайлап бара жатыр. Алған біліміне, өзіне сенбейтіндер қатары көбеюде. Өмірден түңілетіндері қаншама... Сол себепті, телеарналарда адамды өз күші мен қажыр қайратына сендіретін бағдарламалар көптеп болу керек деп ойлаймын.

Бұл жағынан Корея елі көш ілгері. Мысалы, алдында ғана мәнерлеп сырғанаудан танымал спортшы Ким Юнаның "Мен жетістікке жету үшін 12 жыл талмай еңбек еттім" деген сөздерін оқыдым. Және олардың танымал әншісі Rain туралы да осындай бейнеролик бар. Ол АҚШ-ты бағындырған ең бірінші азиат әнші болып саналады. Анасынан ерте айрылған әнші осындай жетістікке қалай жеткендігі жайлы баяндайды. Қызық болса, төменгі сілтемеден қарап көріңіздер.

7 людей сделавших Rain - 1-бөлім

7 людей сделавших Rain - 2-бөлім

Ал мыналар жетістікке жетелейтін әлем бойынша үздік 36 кітап екен:

1. Роберт Кийосаки "Богатый Папа, Бедный Папа"
2. Эндрю Мэтьюз "Живи легко!" или "Счастье в трудные времена"
3. Джордж С. Клейсон "Самый богатый человек в Вавилоне"
4. Бодо Шефер "Законы победителей"
5. Генри Форд "Моя жизнь, мои достижения"
6. Наполеон Хилл "Думай и богатей"
7. Ли Якокка "Карьера менеджера"
8. "Менеджер Мафии" - Руководство для корпоративного Макиавелли
9. "Формула успеха - 33 принципа успешного бизнеса от самого яркого и экстравагантного предпринимателя современности" - Дональд Трамп
10. Теодор Драйзер - "Финансист"
11. Бодо Шефер "Мани, или Азбука денег"
12. Филипп Котлер, Кевин Келлер «Маркетинг менеджмент»
13. Барбара Минто «Золотые правила Гарварда и McKinsey»
14. Карстен Бредемайер «Черная риторика. Власть и магия слова»
15. Радислав Гандапас «Камасутра для оратора. Десять глав о том, как получать и доставлять максимальное удовольствие, выступая публично»
16. Эл Райс, Джек Траут «Маркетинговые войны»
17. Эл Райс, Джек Траут «Позиционирование. Битва за умы»
18. Светлана Иванова «Мотивация на 100%»
19. Светлана Иванова «Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час»
20. Кьелл Нордстрем, Йонас Риддерстралле «Бизнес в стиле фанк»
21. Николай Рысев «Активные продажи»
22. Ларри Кинг «Как разговаривать где угодно, когда угодно и с кем угодно»
23. Гэвин Кеннеди «Договориться можно обо всем»
24. Дэвид Аллен «Как привести дела в порядок. Искусство продуктивности без стресса»
25. Рон Рубин, Стюарт Эвери Гоулз «Бизнес в стиле дзен»
26. Карл Сьюэлл, Пол Браун «Клиенты на всю жизнь»
27. Стивен Кови «7 навыков высокоэффективных людей»
28. Роберт Чалдини «Психология влияния»
29. Антон Попов «Блоги. Новая сфера влияния»
30. Роберт Скобл, Шел Израэл «Разговор дороже денег. Как блоггинг меняет общение бизнеса и потребителей»
31. Сет Годин «Доверительный маркетинг. Как из незнакомца сделать друга и превратить его в покупателя»
32. Сет Годин «Идея-вирус? Эпидемия! Заставьте клиентов работать на ваш сбыт»
33. Игорь Манн «Маркетинг на 100%. Ремикс»
34. Глеб Архангельский «Тайм-драйв. Как успевать жить и работать»
35. Софья Макеева "DOWN шифтинг или как работать в удовольствие, не зависеть от пробок и заниматься тем, чем хочется"
36. Ричард Брэнсон «К черту все! Берись и делай»

Іске сәт, достар!