Рекордтың сыры неде?

Рекордтың сыры неде?
жеке
блог

Алдында радио толқынынан бір ерекше әуен тыңдадым. Сөздерін аңдап тыңдасам кәрісшеге келетін сияқты. Мына кәрістер "Европа плюске" де жеткен бе деп қоям іштей. Осы күні корей клиптерінің, корей поп-музыкасының әлемдік деңгейде дамып жатқанынан құлағдармыз. 

Кейін құрбым бір клипке сілтеме лақтырды. Ашып қалсам, әлгінде ғана тыңдаған ән "PSY - Gangnam style" әнінің бейнеклипі екен. Және кеше сіздерден оқығаным, осы клип көрілу бойынша Гиннес кітабына еніпті. Бұл клиптің танымал болатындай сыры неде деп ойландым. Бір жағынан нақты сюжет жоқ. Комедиялық сарында түсірілген және әр сәт сайын сюжеттің ауысып отыруы. Және екінші жағынан ән миға салмақ салмайды, клипті көріп бір сәтке демалып қалуға болады. 

Менің ойымша, әнші ең алғаш осындай танымал болатындай ән жазамын, клип те осылай таралып кетеді деп ойламаса керек. Бағың жанам десе бір сәт қой.

Және ең қызығы бұл жерде әншінің биі болса керек. Аттың үстінде отырғандай билеу бұл бір үлкен тапқырлық шығар. Корей елінде мен білсем, төрт түлік мал ұстау аса кең жайыла қоймаған. Ал атам қазақ жылқыны қасиетті қазынасына кіргізген халық қой. Осындай бір Kazakh style бізден неге жарық көрмеді деп ойлап қойдым. Шын айтсам, ана биді кәрістерден қызғанып қалдым.

http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=9bZkp7q19f0