Балауса жүрек

Балауса жүрек
жеке
блог

Арманым

Таңдардан – таңдарға үзбестен  жалғадым,

Самғадым

Қиядан – қияға ұшудан талмадым.

Таңдарым

Ойым мен ойымды тізбектеп қармадың,

Жалған күн

Жалғандығыңның көрсетпе зіл батпан ауыр салмағын.

 

Шыңдарым

Шындасам өзіңе қиналмай шығармын,

Мұңдарым

Есіме сен түссең ессіз боп бұғармын.

Жылдарым

Сен – патша,алдыңда бас иіп тұрармын,

Сырларым

Сәтіңді тоса тұр толғатып туатын.

 

Бақтарым

Мен – гүлзар, ақ гүлім – ақ жырым өсірер,

Ақ сағым

Қол бұлғар елестеп елестер есірер.

Бал шағым

Өмірдің оттарын ойыңнан өшірер,

Жас жаным

Қорықпа, балауса жүректі ұғады естілер.

 

 

 

 

Анар Жақан