Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жол апаты демекші...

Жол апаты демекші...

Жол апаты демекші...

Жол көлік апаты демекші...

Екі рет аудым өмірімде. Біріншісі бала кезімде. Отбасымыз болып көлікте келе жатқан ек. Бір кезде қалай ауғаны есімде жоқ, машина жанына қарай жайлап қисайып, жатып қалды. Бәрі тілдерін жұтып қойғандай. Тек мен ғана өзімнен-өзім шыңғыра беріппін. Жанымен жатқан көліктің ішінде не болғанын түсінбей, екі көзі бақырайып жатқан әпкем түртеді: "Ей, қыз, неге шыңғырасың?"

Ешкімнің еш жері ауырмады. Бәріміз көліктен шыққан соң, әкем жарықтық күліп жіберді. Әкемізге қосылып, анам күлді. Анама қосылып, біз күлдік. "Жанұядағы жандар бірге ауса, жақсылық дейді ғой" деді әкем машинаны айналсоқтап жүріп.

***

Екінші ауғаным студент кезімде. Қысқы демалыс еді. Өңкей студент тиеліп алып, ауылдан қалаға ызғып барамыз. Жүргізуші жездем "балдызым алға отырсын" деп, мені алдыңғы орынға отырғызып алды. Мен мәзбін. Артта мидай араласып, қыстырылысып отырғандарға қарап, көзімді қысып қоямын. Олар байқамаған боп, "есесіне біз әңгімелесіп отырмыз" дегенсіп, бір-бірін әңгімеге тартады. Жә, қойшы соларды. Отырсын өздері алдына. Жезделерінің мәшинесіне мініп ап...)) Сөйтіп ұзақ жолды қысқартып келе жатқанымызда, кенеттен тайып құладық. Пәрменіңмен жүгіріп келе жатып, алдыңдағы тасты көрмей, сүрініп қалып, тұмсығыңмен жер сүзесің ғой. Тура сол сияқты. Жолдың ернеуіне ығысып, домалап-домалап, күртік қарға күмп еттік. Мен бейшара сасқанымнан қасымдағы жездеме қос қолдап жармасыппын. Жездем өзі есеңгіреп отырған адам, мен жармасқан соң, рөлге одан әрі ие бола алмай, рөлді қарсы бағытқа айналдыра беріпті. 

Бұл жолы да ешкімнің еш жері ауырмады. Ауырмақ түгілі, Гүлдана деген сыныптасым көліктен шығып алып, шиқылдап күле береді-ай. "Өй, не болды саған, шайтан көрдің бе?"

Еее, пенде баласы сасқанда не істемейді дейсің. "Сасқан үйрек артымен жүзеді" дегенді бекер айтқан ба қазағым... Жездем болса, есі кіресілі-шығасылы, "телефонды өшіріңдер" дей береді. Ауыл уайым қылмасын деді ме, не ошақ қасындағылар "әлгі... Оралбайдың баласы ауып қалыпты" деп еріндерін сылп еткізбесін деді ме, ол жағы беймәлім...

21
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 24 қыркүйек 2012, 18:01
Тегтер: машина, жол апаты, жол көлік оқиғасы, ауу :)

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.