Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер

Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
жеке
блог

Қазақстан Республикасының діни бірлестіктеріұғымының мәнің ашпас бұрын қазақ халқымыздың дін туралы танымы, сенімі ерекше екенин айта кеткен жөн . Дін – ақыл-есі дұрыс, өз еркімен иман келтірген адамдарды дүние және ақыретте игілік пен бақытқа жеткізетін тәңірлік заң , сондай ақ діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған.

Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз уақытында исламға ден қоя отырып, «мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім, иман, имандылық» деп дәйектесе, Ойшыл жазушы Ғ. Мүсірепов дін жөнінде: «Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды, сол сенімнің аты - дін. Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін», - деп оның адам өміріндегі рухани күшін жоғары бағаланатыны жөнінде өзіндік ой пікір қалдырған[1].

Осы тұрғыды қазіргі танда елімізде өзекті болып жатқан мәселелердің бірі діни бірлестіктердің қоғамдағы орны мен діннің маңызды қызметтері болып саналады. Қай уақытта болмасын діни тарих адамзат баласы үшін басты құндылықтарының бірі болып табылғаның айта кеткен жөн. Сол себепті қазіргі уақытта дін саласындағы барлық  мәселелер үлкен маңыздылыққа ие болуда.

Айта кету қажет діни тарих ол қай заманда болмасын үздіксіз дамып отыратын процесс болып саналады . сол себепті діни саланы  реттеу әлемдік тәжірибелерде түрлі жолдармен жүзеге асырылып отырды . Осы тұрғыда  ҚазақстанныңРеспубликасы  тәуелсіздік алғаннан  кейін бастапқы жылдарынан, бүгінгі күнге дейін қоғамдағы  діни бірлестіктердің бірнеше  статистикалық мәліметтері бар .

2011 жылдың 18 мамырында дін саласындағы дербес уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі құрылды. Агенттік тарапынан мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық бағытын айқындаған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы әзірленіп, 2011 жылдың 11 қазанында қабылданды.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер соңғы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып ,Елімізде 18 конфессияны қамтыйтын 38 51 діни бірлестік тіркелген, олар ; Исламдық - 2714, православие - 345, католик- 88 , Ехоба куәгерлері - 60 , кришна санасы қоғамы - 12 , Бахай - 6, Соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі -2, Протестант - 590,Жаңаапостолдық шіркеу - 24, Иудайзм - 7 , Буддизм -2, Муниттер – 1 [2].

Дін еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назарда ұстап келеді. Мемлекет пен дін бір-бірінен тәуелсіз болғанмен, мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында сенімді байланыс, сындарлы қарым-қатынас орныққан.

Сонымен қатар дін туралы заңнамада көзделген нормалар бойынша дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

- Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

- діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

- егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

- дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі. Осы тұрғыда діни бірлестік ұғымын мәнің ашар болсақ;

Діни бірлестіктер дегеніміз - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дiнге үйрету ретiнде құрыла алады.

Зайырлы мемлекет - дін мәселелерінде ресми түрде бейтарап болып табылатын немесе бейтараптық танытатын, дінді де, дінсіздікті де қолдамайтын мемлекет.

Діни қызмет-  діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет болып табылады [3] .

Діни сана- Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі болып табылады . Діни сана ұ,ымына бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде көрсеткен болатын , Осы ретте орыс дінтанушысы Яблоков И. діни сананың келесі анықтамасын береді: «діни сана – бұл ең ауқымды көлемде зерттеулер жүргізілген және сонымен бірге толық түсіндірілмеген құбылыстардың бірі. Оның негізі - жоғары шындықпен және оның өкілдерімен кездесулердің субъективті өмірлік тәжірибесі, шексіз құпияларға ие болу сезімі, барлық нәрселерде өмірдің көрінбейтін тәртібі, ал ең алдымен адам».

Ю.В. Гаврилованың айтуынша, «діни сана қалыптастыру негізінде сыртқы табиғи және ішкі табиғи емес, сонымен бірге диалектикалықбірліктегі әлеуметтік жағдай, алғышарттар мен механизмдер жатыр. Бұл діни сана қалыптасуының табиғи және әлеуметтік факторларының диалектикасы туралы айтуға мүмкіндік береді» деп өз түсініктерін қалдырған болатын . Жоғарыда берілген ой-пікірлерді  қорытындылай келе дін және діни бірлестік адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана болып саналатының назарға алуымыз қажет .

Қорытындылай келе біздің еліміздің Конституциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діниқұрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн өткен сайын нығайта түсуге үлесін қосады. Дін туралы жаңа заңнаманы жүзеге асыру аясында Дін істері агенттігі тарапынан діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысы жүргізіліп, Қазақстанның конфессиялық кеңістігі ретке келтірілген деп ойымды аяқтаймын.

Ерболат Азамат
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
«Исламтану»                                                                                                                                      мамандығының 4  курс студенті
Ғылыми жетекші: Мұқан Нұрзат, аға оқытушы