"ST brothers" тобының жаңа бейнебаяны

"ST brothers" тобының жаңа бейнебаяны
жеке
блог

Құрметті достар!

Ағайынды жігіттердің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян олардың авторлық "Мөлдір сезім" әніне түсірілген. 

Естеріңізге сала кетсем, "ST brothers" тобы 2012 жылдың наурыз айында құрылған болатын. Топ мүшелері - ағайынды Серік пен Тоқтар Нұрмолдаевтар - Республикалық және Халықаралық байқаулардың жүлдегерлері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері. 

Дуэттің басты ерекшелігі - оның қазақ эстрадасындағы жаңа "ЭТНО-ДЖАЗ" бағытында жұмыс істеуі. Сонымен қатар, ағайындылар бірнеше музыкалық аспаптарда ойнауды жетік меңгерген: домбыра, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шертер, шіңкілдек, шаңқобыз, ұрмалы аспаптар, фортепиано, т.б. Бұған қоса, Нұрмолдаев Серік фольклорлы-этнографиялық "Тұран" тобының белді мүшесі болып келеді. 

"ST brothers" тобының жаңа бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз! 

www.youtube.com/watch?v=H1hb_4BWoBc&feature=youtu.be 

Құрметпен,

Серік