Не себепті тіліміз құнсызданып барады?

Не себепті тіліміз құнсызданып барады?
жеке
блог

Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бері мемлекеттік тіліміз 1 тілді емес 2 тілді-ге айналып кетті.Кез келген өткен кеткеннен қазақша дәстүр,сұрақ ,тарих қойып көрсек қатар жауабы мынау"мен қазақ тілін яки тарихын білмеймін"шындап келіп қарасақ сол өзіміздің ұлттың баласы мен қыздары.Қазақ тілін білмегенге ұялмайтын қазақ,орыс тілін білмегенге арланады. Бұған не себеп?

Қайран жұртым араға ғасырлар салып орыстың құлдығында болды,ұлтты қалыптасытрамын деген қоғамнан түк қалдырмады,сауаттылар өлтіріліп, сауатсыздар билікке отырды.Бірінші орыс революциясысынан бастап 19-ғасырдың ортасына шейін қазақты азат қылуға тырысқан "Алаш"көсемдерін өзіміздің сауатсыз қазақ"Халық жауы"атағымен де көзің құртты, Кенесары кезінен бері басталып келе жатқан ұлтты сатушылық әлі күнге дейін жалғасып тауып келеді.Біз неге дамымаймыз? деген сұрақтын өзінде жауап тұр.Себебі бізде ұлттық құндылық, патриоттық сезім,дін сауаттылығы, саяси сауаттылық жоқ.Біреу дамимын,көздерін ашамын,еліме көмектесемін десе басынан ұстап алып жерге ұратын да сол баяғы надан қазақ.Ғасыр бойы Міржақып оятуға тырысқан қазақ әлі қалың ұйқыда.Ұлт көсемі, Әлихан Бөкейхановтың мынандай айтқан сөзі бар"Болашақты болжауда тарих нақты құрал болады"деген сөзі,Ахмет Байтұрсынұлының"Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", Бауржан Момышұлының "Бесік жырын айтпаған анадан қорқамын" бұның бәрі олардың алдағы ұрпағының ұлтты сақтап қала алмағандығын білгендіктен айтылған.Біз орыстың халқына айналып кеткенбіз,тек қазақ деген атымыз ғана бар,тоқшылық, бейбітшілік заманда өмір сүргене кейін де қадірлеугн еш негіз жоқ.Ата бабамыз ұйқы көрмей ,қысқа жіп басына өз өмірлерін тіккен ,ұрпағым азат болсын,мен көрмейтін жарықты сол көрсін деген ұлы сөздерды таптап "мен қазақша білмеймін"дейміз.Қызың кетті жан жаққа бөлініп, ұлың кетті майдаланып бұл неғылған надан ұлт өзі?! Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұлы көріпкел ретінде де танылған,ұлы тұлға "ашаршылық азабы тоқталып, келешек ұрпақ тоқшылықпен сыналады,бастарында ауыр күн тұр "деген екен.Мына тоқшылық пендеге дінің мен тілің, ұлты мен жұртың ұмыттырып қойған тоқшылық.Бір жағымыздан айдаһарша ақырған Қытай, екінші жағымыздан аюша дайын тұрған Ресей ұлтымыздың құнарлы жеріне көз тігіп отыр.Кезіндегі Абылай ханның да қорыққаны осы емес пе еді? Тілің жоғалтқан халықтың өзі де жоғалады,ұлтты ұстап тұрған ең басты құндылық ол-тіл мен тарих.Осы екі құндылықты ұмытпай жадында сақтаған ұлт нағыз мықты ұлттың мысалы.Алаштың аманаты біздін жер мен ұлт.Сол жер мен ұлтты көз қарашығындай сақтау әр перзенттің ұлттық парызы.