-Қызғалдақтар жайлы сіз білмейтін қызықты ақпараттар-

-Қызғалдақтар жайлы сіз білмейтін қызықты ақпараттар-
жеке
блог

1. Қызғалдақтар түрі шамамен 10 миллион жылдар бұрын Тянь-Шань тау бөктерінде, қазіргі Қазақстан территориясында пайда болған.

2. Қәзіргі таңда Қазақстанда қызғалдақтардық 35 түрі бар, олардың 18-і Қызыл кітапқа еңгізілген.

3. Қызыл кітапқа еңген қызғалдақ түрлері:
- Альберт қызғалдағы
- Екігүлді қызғалдақ
- Біргүлді қызғалдақ
- Зинаида қызғалдағы
- Колпаковский қызғалдағы
- Корольков қызғалдағы
- Қысқааталық қызғалдақ
- Леманновский қызғалдағы
- Островский қызғалдағы
- Кеш гүлдейтін қызғалдақ
- Регель қызғалдағы
- Көк қызғалдақ
- Кауфман қызғалдағы
- Шренк қызғалдағы
- Биберштейн қызғалдағы
- Борщов қызғалдағы
- Грейг қызғалдағы

4. Дүние жүзінде қызғалдақтардың 3000 нан астам түрі кездеседі. Оның ішінде 70-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі бар.

5. Қызғалдақтар шын мәнінде лалагүлдер тұқымдасының бөлігі болып табылады. Жапырақтары жеуге жарамды, оны көптеген рецептерге пияздың орнына қолдануға болады. Және шарап жасау үшін де қолданады.

6. Қызғалдақтың барлық түрлері суыққа төзімді, сондықтан оларды күзде, шамамен қазан-қараша айларында егіп,  гүлдерін көктемде пайдалануға болады.

7. Қызғалдақ жұлынып вазаға қойылғаннан кейін 2,5 см-ге дейін өсе береді.

8. екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін ғана гүл ашып тұрады.

9. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Солардың ішіндегі, танымал және танысуға қолжетімді түрлері:
• Ақ қызғалдақ - тазалық пен келісімнің, жақсылықтың белгісі. Бұл сондай-ақ мейірімділік пен сүйіспеншіліктің түсі.
• Көк қызғалдақ- бейбітшілік пен тыныштықты бейнелейді
• Қызыл қызғалдақ - шынайы махаббатты бейнелейді.
• Сары қызғалдақ - өмірді, қуаныш пен достықты бейнелейді.
• Қара гүлді қызғалдақ - жұмбақтың белгісі. Сондықтан сіз таңқалдырғыңыз келетін адамға сыйлауға болатын тамаша гүл.

 

 

Ораз Жанель Айбекқызы